» » » Жастар есірткіге қарсы

Жастар есірткіге қарсы

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кең ауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі еліміздің маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыс пен адамгершілікке жат әрекеттер жасалады, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасында өлім жиелейді, өмірге қауіп төндіретін дерттер күшейіп, кемтар балалармен, ажырасу көбейеді.
Рухани жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс ел дамуының басты қағидасына айналуы тиіс. Ол үшін әр қазақстандық заман ағымына сай өзгере білуі керек. Біздің мақсатымыз, ерлік пен елдікті, батырлықты, өскелең ұрпақтың бойы мен ойына отансүйгіштік рухты дарыту. Өйткені рух жоқ жерде ұлт та жоқ, халық та жоқ. Біз құрбы-құрдастарымыз бен жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын кең тұрғыда жүргізуді өз міндетіміз деп есептейміз. Егер сен еліңнің жарқын болашағына нық сеніммен қарасаң, жастық күш-жігеріңе сеніп, қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамаймын десең, бізбен бірге нашақорлыққа жол берме!
Есірткі, алкоголь, темекі – бұлар қастандық теориясының ең мықты тетігі. Әлемдегі өлім-жітімнің 60-70%-ы осы өнімдердің салдарынан туындайды. Қорыта айтқанда әлсіздердің өлімінен әрі пайда түседі, әрі халық саны қысқарады.

Аида ОРАЗАЛЫ,
№7 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы
04 қараша 2020 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031