» » » Қызылордада «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 62 жоба іске асырылуда

Қызылордада «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 62 жоба іске асырылуда


«Ауыл – Ел бесігі» жобасы «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бір бағыты ретінде біріктірілді. Аталған жобаға облыстың 103 елдімекені арнайы әдістеме негізінде іріктеліп, енгізілді. Нәтижесінде 62 инвестициялық жобаны іске асыруға бюджеттен 5,1 млрд. теңге бөлінді.
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба аясында 4 мектеп жөнделіп, 2 ауылға су желісі тартылды, үш ауылдың көшелері жарықтандырылды. 42 жоба ауыл көшелерін асфальттауға бағытталса, Жаңақорған ауданы Шалкия кентінде 150 орындық клуб, Арал ауданы Жақсықылыш кентінде мектепке 100 орындық қосымша ғимарат, Жалағашта 200 орындық оқушылар және 50 орындық өнер мектебі салынуда.
Жоба аясында 298 жұмыс орны ашылды, оның 109-ы тұрақты. Бүгінде 62 жобаның 35-і аяқталып, пайдалануға берілді.
09 қараша 2020 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031