» » » Арал аудандық «Толқын» газетіне 90 жыл толды

Арал аудандық «Толқын» газетіне 90 жыл толды

Биыл теңізді өлкенің төл басылымы, ауданның айнасына баланған «Толқын» газетіне 90 жыл толды.
Осыған орай, бүгін аға басылымның тарихи 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш өткізілді. Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты.
«Бүгінде аудандық «Толқын» газетінің шығармашылық ұжымы өзінің оқырмандарына өңірімізде болып жатқан маңызды оқиғаларды дер кезінде жеткізіп, мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына және мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне зор үлесін қосып келеді. Заман талабынан шыға білген газет ұжымы ақпарат айдынында өздерінің лайықты орнын алып отыр. 90 жыл – бұл жай ғана сандық көрсеткіш емес. Бұл жылдарда қаншама еңбек пен күш, рухани құндылықтар жатыр. Ендеше, 90 жылдық белесті еңсерген ұжымға шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Оқырманды қуантатын жағымды жаңалықтарыңыз көбейе берсін! Еліміздің өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай, қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!»-деп ізгі лебізін жеткізді аудан әкімі.
Мерекелік кеште ақпарат айдынында өзіндік қолтаңбалары қалған ардагер-журналисттерге, бүгінгі таңда газетте қызмет атқарып келе жатқан сала мақтаныштарына аудан әкімінің Алғыс хаты мен сый-сияпаты және «Толқын» газетінің ұжымына аудан әкімдігінің «Құттықтау хаты» мен естелік сыйлығы табысталды.
Жиында сөз алған «Сыр-медиа» ЖШС-нің директоры А. Оңғарбаев газет ұжымына шығармашылық табыс пен зор жетістіктерге жете беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, бірнеше жыл бойы редакция қабырғасында еңбек етіп жүрген тілшілер мен қызметкерлерге облыстық ішкі саясат басқармасының және «Сыр-медиа» ЖШС-нің Алғыс хаттарын табыс етті.
Аға басылыммен бірге жасасып, кейінгі ұрпаққа ақылшы бола білген, қаламы қарымды, қиялы жүйрік аға буын өкілдері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Арал ауданының «Құрметті азаматы», дербес-зейнеткер – Шәкірат Дәрмағамбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Айбосынов Кішкене, жазушы-журналист, қазақ журналистикасының қайраткері – Еркін Әбілов, «Толқын» газетінің тұрақты, қоғамдық тілшісі – Әйтімов Иманбай газет тарихынан сыр шертетін естелік әңгімелерімен бөлісіп, пайымды пікірлерін ортаға салып, ыстық ықыластарын жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР композиторлар Одағының мүшесі, «Құрмет орденінің», «Халық алғысы» медалінің иегері, Арал ауданының «Құрметті азаматы», күйші-композитор, ақын-жырау Мұрат Сыдықов мерейтойға орай өзінің арнау жырын оқып, күй-шашуын тарту етті.
Мерекелік шарада «Толқын» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Толқыным» атты әннің алғаш рет тұсауы кесілді. Шара барысында қатысушыларға арнап аудан өнерпаздары жыр-термеден шашу шашты.
Ауданның шежіресіне айналған басылым алғаш рет «Екпінді балықшы» деген атаумен жарық көріп, одан «Социалистік Арал» болып халыққа танылған аудандық газет бертін келе тарихпен үндесіп «Толқын» деген атауды еншілеген болатын. Қазіргі таңда 6500 дана таралыммен аудан жаңалықтарын оқырман қауымға жеткізуде елеулі орны бар басылым ретінде жұмыс жасап келеді.
10 қараша 2020 ж. 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031