Неке сақинасы

Дәрігерлердің айтуынша, неке жүзігі адамды бірнеше ауру түріне шалдықтырады. Ғылымда бедеу әйелдердің саусақтағы жүзікті шешкен соң бірден бала көтерген кездері кездескен.
Кей мемлекеттерде неке жүзігін оң қолға тақса, басқа елдерде сол қолға тағады. Яғни әр мемлекет әртүрлі. Бірақ қай мемлекетте болсын, неке жүзігін ерлі-зайыптылар шылдыр шүмекке тағады.
5000 жыл бұрын пайда болған алғашқы неке жүзікті алтыннан жасалмаған. Мысырлықтар оны өткен шақ, осы шақ және келер шақтың символына айналған Ніл өзенінің жағасында өсетін қамыстан жасайтын болған. Дәлірек айтсақ, диқан, бақташы және лотос гүлін жинаушылар неке жүзігін қамыстан жасап таққан.
Шылдыр шүмекке тағу осы мысырлықтардан бастау алған. Бұрынғы заман дәрігерлері адам денесінің құрылысына ерекше мән беріп, шылдыр шүмектегі тамырдың жүрекпен жалғасып жатқанын анықтаған. Мұнымен қатар бұл саусақты адам жұмыс барысында көп пайдаланбайды. Яғни бұл саусақтағы жүзік жұмыс істеуге еш кедергі келтірмейді.

Антикалық "жүзік тілі"
"Жүзік тілі" деген ұғым алғаш рет Ежелгі Грекияда пайда болып, өткен ғасырдың басына дейін кеңінен қолданылып келді. Дәлірек айтсақ, ер адамдар қолындағы жүзіктері арқылы өздерінің жеке өміріне қатысты ақпарат берген.
Мысыр дәстүріне сәйкес, шылдыр шүмекке махаббат құдайы Афродита жебеуші болған. Осы саусаққа тағылған жүзік ер адамның қалыңдығы немесе отбасы барын білдірген.
Балаң үйректегі жүзік иесінің өзіне болашақ жар, жүрегін жаулайтын адам іздеп жүргенін білдіретін болған. Ортан терекке тағылған жүзік – ер адамның табысты екенінің және өзіне көңілдес іздеп жүргенінің белгісі. Ал кішкене бөбектегі жүзік ер адамның сүйіктісінің жоқ екенін және оны іздемейтінін меңзеген.

Шылдыр шүмек – махаббаттың символы
Әр саусақ – белгілі бір отбасы мүшесінің немесе рудың символы. Бас бармақ – ата-ана, балаң үйрек – аға-бауыр, әпке-қарындас, ортан терек – адамның өзі, шылдыр шүмек – жар, жұбай, кішкене бөбек – балалар.
Ортан терегіңізді бүгіп, қалғандарын бір-біріне тигізіңіз. Яғни ортаңғы саусағыңыздың сыртқы бөлігі бір-біріне тиеді. Енді екі бас бармақтың арасын ашыңыз, бұл – оңай. Себебі, ата-анаңыз сізбен мәңгілік болмайды. Әйтеуір бір күні олармен қоштасуға тура келеді. Кішкене бөбек те дәл солай. Балалар үнемі ата-анасының жанында болмайды. Ер жеткен соң әрқайсысы өз жолдарымен кетеді. Балаң үйректің да арасын жылжыту оңай. Себебі, аға-бауыр, әпке-қарындастар да, әйтеуір бірде өз жолымен жүріп, өз отбасын құрады. Бірақ шылдыр шүмек арасын ашу мүмкін емес. Олар —– нағыз махаббат пен адалдықтың символы. Яғни неке жүзігін тағуға әбден лайық.

Неке жүзігі энергияны бұғаттайды
Көптеген ғасыр бойы эзотерикаға деген көзқарас дұрыс қалыптаспады. Яғни жұрт оған адамды алдап-арбайтын ғылым ретінде қарады. Алайда уақыт өте келе бұл пікірлер өзгеріп, бүгінде ешкім адамның бойында физикалық бөлшектерден өзге энергияның барына күмән келтірмейтін болды. Осы энергия ерекше каналдар арқылы өтеді және оған физикалық деңгейде әсер етуге болады. Шылдыр шүмектегі жүзік жүрекке баратын энергияны шектейді деген түсінік бар. Ғашықтар жүзік алмасу арқылы бір-бірінің махаббат арнасын бекітіп, өзгелердің араласуына кедергі жасайды.

Дәрігерлер неге неке жүзігін тағуды құптамайды?
Алайда кей дәрігерлер неке жүзігін тағуды құптай қоймайды. Себебі қолда көптеген жүйке талшықтары бар. Оның үстіне жүзіктің неден жасалғанына байланысты адам түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін. Ғылымда бала көтере алмай жүрген әйелдерге неке жүзігін шешу жеткілікті болған жағдайлар кездескен. Мұнымен қатар, бүйрек, бауыр, жүрек, жүйке жүйесі және бас сақинасы сынды аурулардан арылуға болады. Десе де, жүзіктің материалы әр адамға әртүрлі әсер етеді. Дәрігерлер алтыннан жасалған жүзіктің артрит пен артроздан сақтандыратынын айтады.

Жүзікке қарап күйеу жігітті тану
Неке жүзігін әдетте күйеу жігіт сатып алады. Жалпақтығы 2-5 мм болатын неке жүзігі бұл бұйымның "классикалық" түрі деп аталады. Ең бастысы, бұл дизайн ер адамның сүйіктісімен қарым-қатынасына көңілі толып, әйелімен бір жастықта қартаюға, әрдайым балалары мен немерелерінің жанынан табылуға дайын екенін білдіреді.
Тым жалпақ және ауыр неке жүзігі — ер адамның сүйіктісін басы бүтін иеленіп алғысы келетінінің белгісі. Бұл ер адамның қарым-қатынастың дұрыс өрбіп келе жатқанына сенімсіздігін және сүйіктісі өзін аса қатты жақсы көрмейді деген қорқынышын білдіреді.
Ал белгілі бір оюы, бетінде тасы бар неке жүзіктері ер адамның арадағы қарым-қатынасқа көңілі толмайтынын, бірақ алдағы уақытта бар күшін салып оны жақсартқысы келетінін меңзейді. Егер қарым-қатынасты өзі қалағандай етіп жақсарта алмаса, опасыздық жасауы да ғажап емес.
Көптеген психоаналитик маман кез келген нәрсе адамның сеніміне байланысты екенін айтады. Яғни белгілі бір орта үшін мұның барлығы керісінше мағынаны білдіруі мүмкін. Бірақ қай қолға және қай саусаққа тағылатынына қарамастан, неке жүзігінің махаббат пен ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігінің символы екені сөзсіз.


21 қараша 2020 ж. 2 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031