» » » Фольклор – қазақ халқының тәрбиелік құралы

Фольклор – қазақ халқының тәрбиелік құралы

  Біз ескі әдебиетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметтейміз орынсыз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр. Әдебиеттің зор міндетінің бірі – елдің мінезін түзеу. М.Әуезов
Кез келген халықтың өзіне тән тілі, тарихы, әдебиеті болады. Сол тарих ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады. Әдебиетімізбен қоса, халықтың салт-дәстүрі де қатар жүреді. Оны күнделікті өмірде де байқап жүрміз. Кез келген той болсын, басқа болсын халықтың салт-дәстүрі қатар жүреді. Солардың бірі- ұзатылатын қыз (сыңсу, қоштасу әні) , беташар (келіннің бетін ашу, өсиет сөздер, бата), сүндет той, бесік салар (тыштырма, бата), тұсау кесер, жоқтау секілді дәстүріміз күнделікті өмірде қолданылып келеді. Сондықтан әдебиеттің халыққа тәрбие беру жолында маңызы зор.
Фольклор – қазақ халқының тәрбиелік құралы. Өйткені, бала дүнте есігін ашқаннан бастап, өсіп кетем дегенге дейін даналық сөздермен тәрбиелейді. Мысалы, баланы ұйықтату кезінде әлди өлеңін айтады (яғни,жақсы үлгілі, қайратты болып өсу үшін). Одан кейін баланың тілін дамыту, ойын еркін жеткізу мақсатында жаңылтпаштар, жұмбақ, мақал-мәтелдерді үйретеді.
Мысалы,
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Іске тіл ілесе алады,
Тілге іс ілесе алмайды.
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды. (сандық)
Қағазға тіл бітірген- қалам,
Жансызғы жан бітірген адам.
Міне, бұл біздің тәрбиелік құралымыз. Бұлардан басқа да қазақтың ертегілерінен өзін алып қарасаңыз, тұнып тұрған тәрбие беруге арналған құрал секілді. Онда жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелей отырып, адалдыққа, ерлікке, мықты болуға шақырады. Қазір барлығы болмаса да, немерелеріне, балаларына ертегі оқып беретін ата-аналар көбейіп келе жатыр.
Мен өз әдебиетім үшін мақтанамын. Себебі, онда бәрі бар. Тіпті бір мақалдың өзі адамды тәрбиелеуге жетерлік. «Сөз – сүйектен өтеді» ,демекші сөз адамды құлатады да, жұбатады да. Жоғарыда Әуезовтың сөзін жайдан-жай жазғаным жоқ. Қазақ халқы бір сөзбен-ақ айтар ойын жеткізе білген. Керемет нақыл, үлгілі, өткір, даналық сөздері арқылы өз ұрпақтарын тәрбиелеп отырған. Сондықтан жұртымыз үшін әдебиетімізден алар орны ерекше.
Әдебиет – ешқашан өлмейді. Ол жойылса, халықта жойылады. Ғасырдан-ғасырға өркениетіміз дамып келеді. Кезінде жырау, сал-серілер, суырып-салма ақындар секілді дарынды жастар көбейіп келеді.Қазақ телеарнасында ұлттық туындылар көбірек берілуде. Осындай ұлттық өнеріміз дамып, өркендеп келе жатқанда қазақ әдебиетінің орны ойсырамайды, одан әрі шарықтап, дами береді. Мен оған сенемін. Біз бақытты ұрпақпыз. Әдебиет – халықтың үні, өмірдің жыры, мәңгілік жасайтын ерліктің туы. Туымыз әрқашан биік болып, ұлттық өнеріміз алдыға өрлей берсін!
Аружан Қали
М.Мәметова атындағы
Қызылорда педагогикалық жоғары
колледжінің 3-курс студенті
12 сәуір 2019 ж. 2 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930