» » » Әдебиет әлемінің абызы

Әдебиет әлемінің абызы

    Қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжамил Нұрпейісов ‒ 95 жаста.  Мерейтой аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Әдебиет әлемінің абызы" атты шығармашылық кеш өтті. Әдеби кешке Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлаубай Жұбатыров, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева, "Әлімсақ" журналының редакторы Нұрлан Көбегенұлы қатысты.  
– Әбдіжамил есімі алпысыншы жылдар басында әлем әдебиетіне жол тартты. Соның арқасында қазақ әдебиеті өзінің оқырмандары алдында биігін сақтап қалды. Әбдіжамил Нұрпейісовтің есімімен бірге Арал апаты еске түседі. Ол шығармашылық ғұмырының тең жартысын  – Аралға арнады. Қаламын найзадай білеп, Аралға араша түсу – жазушы ғұмырының "Соңғы парызына" айналды. Бұл екі шығарма әлемдегі  қазақ әдебиетінің айыбынын асқақтатып, беделін көтерді, – деді Б.Кәрібозов.
Қаламгер туралы шетелдік жазушылар да жоғары баға берген. Соның бірі франциялық Лили Дени: "Өмірдегі әділетсіздік атаулыға қарсылық білдірген қаламгер қарапайым тілмен үлкен шындықты айта білген. Осынау сөз саптаудағы қатал кірпияздығының арқасында Әбдіжамил өзіне ғана тән таңғаларлық қолтаңбасы бар, заманымыздағы терең жазушының дәрежесіне көтерілді", – деді ол.
     –  "Қан мен тер" романындағы басты кейіпкер Еламанды Аралда өмір сүрген Тасқожа деген батырдың бейнесімен суреттеді. Жаугершілік заманда батырдың бір аяғына оқ тиіп, сол аяқты кеспекші болады. Бес-алты жігіт ұстап, қол аяғын байлайын деп жатқанда "ешкімде мені ұстап тұрмасын, шыдаймын" депті. Сонда аузына тақиясын тістеп, аяғын кескенде шыдап отырған. Жарақатын байлап болғаннан кейін батырға қараса тақиясы аузына қарысып қалыпты. Сонда оны қылышпен ашып алған деседі. Міне, осындай төзімділік, сабырлық, қиындыққа көндігудің әрі Еламан бейнесінде берілген. Себебі, кейіпкердің басындағы тауқымет Тасқожа батырдың қиындығынан кем емес екенін айтылған. Жазушы суреттеген әрбір бейне, әрбір көрініс еріксіз көз алдыңа келеді, – деді филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жаңбыршиева.
Мөлдір Кенжеғұлова
04 қазан 2019 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031