Сенат депутаты Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
Достық үйінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Дөңгелек үстелдегі басқосуды облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлы жүргізді.
Іссапармен туған топыраққа табан тіреген Сенат депутаты кеңес мүшелерінің бірқатар ұсыныстарын тыңдап, алдағы уақытта күрделі істің қисынын табу жолында жұмыс жасайтынын жеткізді. Кеңес мүшелері өз кезегінде Ақмарал Шәріпбайқызын жаңа қызметімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Қоғамдық кеңес мүшелері Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы берілген тапсырмалар мен ҚР Қоғамдық кеңестер туралы заңын талқылап, экология, ауыл шаруашылығы, жол, денсаулық сақтау саласы тақырыптары бойынша облысымыздағы өзекті мәселелерді ортаға салды.