» » » ДӘЛІЗДЕН ПАЛАТАҒА

ДӘЛІЗДЕН ПАЛАТАҒА

Жаз айы – ішек инфекциясының көбейетін тұсы. Жеміс-жидектің, қауын-қарбыздың пісетін бұл мезгілі ауру әкелмей қоймайды. Салдары – аурухана төсегіне таңады. Бүгінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында науқастар дәлізде жатыр деген ақпарат тарады. Іле-шала мән жайды анықтау үшін аурухананың бас дәрігері Айна Мұхамбетоваға жолықтық.
      – Дәлізде жатқан науқастарға қатысты не айтасыз?
     – Күннің ыстығынан адам көбейді. Дәліздегі әңгіме ол демалыс күндері болады. Біз басқа ауруханалар секілді бір науқасты шығарып, ол орынға екінші науқасты қабылдай алмаймыз. Инфекция болғандықтан төсек-орыннан бастап, матрасқа дейін тазалаймыз. Бір-екі күн палатаны пайдалануға бермейміз. Сол сәтте науқастар тарапынан түсінбеушілік туындайды. Олар «бос палата бар, біз неге дәлізде жатамыз» деп айқай шығарады. Барынша түсіндіруге талпынамыз. Біреудің ауруын біреуге жұқтырудан қорқамыз.
    – Аурухана қанша адамға арналған?
– Жедел ішек инфекциясында 185 төсек орындық бар. Бокс, ересек, үш балалар бөлімі бар. Қазіргі таңда екі бөлімді іш ауруға арнадық. Бірінші, үшінші этаж балаларға, ересектер бөлімінде 32 төсек іш ауруы жатыр. Сары ауруға бөлек бөлім бар. Бокс бөлімінің есігі бөлек болады. 40 төсектікте 56 науқас жатыр. Түнде түскен науқас дәлізге түссе, ертесіне палатаға ауыстырамыз. Жоғарыда айтқандай, бір науқасқа екіншісін кіргізе алмаймыз. Кейде бір палатаны бір науқас алады. Сондай адам кіргізуге болмайтын жұқпалы ауруларда кездеседі.
–  Қауын-қарбызды қашаннан бастап жеуге болады?
 – Шілденің 20-сынан бастап жеген жөн. Оның үстіне күннің ыстығы көп әсер етуде.
Тағы қосымша айтарыңыз бар ма?
–  Баланың көзі кіртиіп тұрса, ауырғаны сезілсе, жедел түрде дәрігер шақыру керек. Емханаларда 24 сағат жедел-жәрдем ашылған. Олар алғашқы көмек көрсетеді. Нәтиже болмаса, ауруханаға жібереді. Біздің ауруханада дәрі-дәрмек жеткілікті. Ол жағынан қиындық туындамайды.
Әңгімелескен: Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
19 шілде 2018 ж. 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031