» » » Ел мүддесіне адал еңбек

Ел мүддесіне адал еңбек

Әлішер Амангелдиев, жас мемлекеттік қызметші:



Әлішер Тимурұлы мемлекеттік қызметшілер отбасында дүниеге келген. № 3 мектеп-лицейдің түлегі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне «Құқықтану» мамандығында білім алған. Университетте білім алып жүріп, студенттік ғылыми қауымдастықта және университет жаныңдағы студенттік заң клиникасында қосымша қызмет атқарған. 2014 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польшадағы Лодзь мемлекеттік университетінің «Құқық және әкімшілік» факультетінде оқудан өткен. Бұл жерде ағылшын, поляк тілдерін меңгеріп, құқықтық әріптестік,  халықаралық құқықты зерттеген. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, Қызылорда облысының жер қатынастары басқармаларында заңгер қызметінде жұмыс істеген. ҚР Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы. «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде менеджері

Мемлекеттік қызметке келуіңізге не түрткі болды?
   –  Мемлекеттік қызметке келуіме ата-анамның жолын қуу, халыққа қызмет ету себеп болды. Әкем құқық қорғау органында қызмет еткен. Анам қаржы саласында мемлекеттік қызметте. Заңгер әділеттікті қамтамасыз ететін, қарапайым азаматтардың құқығын қалпына келтіретін асыл мамандықтың бірі деп санаймын. Мамандықты тандау себебім де осы. Жалпы менің жауапкершілігіме жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу кіреді. Әрбір қаралған өтініштегі мәселенің ақ-қарасын ажырату, жан-жақты зерделеп, шағымдардың әділетті шешімін табу негізгі міндетім.
Мемлекеттік қызметші болғысы келетін жастар көп. Айтыңызшы, мемлекеттік қызметке қалай қабылдануға болады. Оңтайлы жолы бар ма?
 –  Мемлекеттік қызметке қабылдану қиын емес. Біріншісі, дұрыс өзіне ұнайтын мамандық таңдау қажет. Екіншісі, ҚР Заңдарын жақсы меңгеріп, арнайы заңнама бойынша тестілеуден өту қажет. Мемлекеттік қызметке кірудегі өзімнің жолымды айтып өтсем: қолыма диплом алған бойдан мемлекеттік қызметке орналасу үшін заңнамаларды білу деңгейін анықтайтын арнайы тесттен өттім. Содан кейін kyzmet.gov.kz сайтынан өңіріміздегі мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдарға орналасу үшін жарияланған конкурстарды зерделеп, өзіме ұнайтынын, әрі мамандығым сәйкес келетін конкурсқа қатыстым. Әңгімелесуден өтіп, заңгер болып мемлекеттік қызметке орналастым.  Жастарға айтар кеңесім, бірінші рет конкурстан өтпей қалған жағдайда үміт үзбеңіз. Тағы да келесі конкурстарға қатысу қажет. Әрбір әңгімелесумен конкурсқа қатысу үлкен тәжірибе береді.
   – Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап қандай?
  • – Мемлекеттік қызметшіде стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару қасиеттері болу қажет. Кейінгі уақытта мемлекеттік қызметшілердің моральдық бейнесіне қойылатын талаптар күшейе түсті. 2015 жылдың 29 желтоқсанында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қабылданды. Біз әдеп кодексімен тығыз жұмыс істейміз. Әдеп Кодексінде мемлекеттік қызметшілерге қызмет бабында, әріптестерімен, басшылықпен қарым-қатынас кезінде қойылатын талаптардан бөлек, қызмет уақытынан тыс мезгілде өзін ұстану талаптары айқындалған. Мәселен, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. Яғни мемлекеттік қызметкер әдеп нормаларын сақтауда баршаға үлгі болуға тиіс.
  • Сіз күн-түн демей жұмыста жүресіз. Оған отбасыңыз қарсылық білдірмей ме?
  • – Жоғарыда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейді деп атап өттім. Дей тұра, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу фактілерін жою, яғни  түнге дейін жұмыста қалмау мәселесі көтерілді. Осыған байланысты біздің департамент тарапынан артық жұмыс істеуді жою бағытында шаралар жүргізілді. Сондай-ақ жұмыс уақытын бақылайтын жүйлер іске қосылды, мемлекеттік мекемелердің көпшілігінде жұмыс аяғында компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйесі орнатылды. Жұмыс нәтижесімен артық жұмыс істеу фактілері облысымызда 96-ға пайызға жуық азайды. Сондықтан әріптестерімізбен бірге жұмыстан уақытылы қайтамыз. Бұған отбасым қарсылық білдірмейді. Біздің департамент жақында жаңа жұмыс кестесіне көшті. Яки жұмыс уақыты 8.30-17.30-ға дейін, 13.00-14.00 аралығы үзіліс. Жаңа жұмыс кестесі уақытты оңтайлы пайдаланып спортпен шұғылдануға, ағылшын тілі курсына қатысуға мүмкіндік берді.
  • Польшада Құқық және әкімшілік факультетінде оқыпсыз. Ол жақтағы оқудың бізден айырмашылығы қандай?
  • Қорқыт ата атындағы ҚМУ және Польшадағы Лодзь университететі бір жүйеде, яғни Қазақстан Болон декларациясын қабылдаған. Бұл дегеніміз екі елдің оқу жүйесі ұқсас. Сол себептен екі ел студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасымен басқа мемлекеттің университетінде 1 немесе 2 семестр оқуына мүмкіндігі бар. Тек ағылшын тілін меңгерсе жеткілікті. Дегенмен Қазақстан мен Польша университетінде бірқатар айырмашылық бар. Мәселен, біз оқыған Польшадағы Құқық және әкімшілік факультетінде студенттердің оқуға келуін қадағаламайды, яғни сабаққа қатысу еркін, тек семестр сонында емтиханды жақсы тапсырса жеткілікті. Алайда өзім сабақтарды мүлдем жібермей, қызығып оқитынмын. Соның арқасында барлық пәннен жоғары баға алдым. Ал Қазақстанның университеттері студенттердің үлгерімімен қатар олардың сабаққа қатысуын бақылайды. Бұл студенттердің бойында терең білім алу мен қатар тәртіпті сақтауға баулиды деп санаймын. Тәртіп сақтау мемлекеттік қызметте де аса маңызды.
  • – Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық белең алуда. Бұның себебі неде деп ойлайсыз?
  • Студенттік кезімде сыбайлас жемқорлық тақырыбында жүргізген зертеу кезінде бір назар аударарлық мақала оқыдым. Ол мақалада жолдағы сыбайлас жемқорлық салдарынан Қазақстан жылына 55 миллиард теңге зардап шегетіні айтылған. Бұл мақала 2013 жылы жазылған. Дегенмен соңғы жылдары жемқорлықпен күрес қарқынды жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықтың себебінің бірі ол тәуекелдерге жол беру деп санаймын. Мысалы, соңғы кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында көшелерде құқық бұзушылықты тіркейтін камералар орнатылды. Автокөліктерге әдемі нөмірлерді мемлекетке ақша төлеп сатып алу механизмі енгізілді. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, жемқорлық фактілерін нөльге теңеуге себеп болуда деп санаймын.
  • – Қайтсек бұл жағдайдың алдын алуға болады?
  • Сыбайлас жемқорлықтың орын алу тәуекелі қызмет көрсетуші мен қызмет алушы арасында болатын (контактілер) бетпе бет кездесу, қызметтерді жасырын, қолма-қол, қағаз жүзінде барысында орын алады. Бүгінгі күні елімізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді электронды түрге ауыстыру қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшылығы электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының үлесін 90 пайызға жеткізуді талап етуде.  Қызметтерді электронды түрде алу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаумен қатар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасайды. Мәселен, бұрын жұмысқа орналасқан кезде немесе оқуға тапсырған кезде медициналық анықтамаларды ( нарко, психо, туберкулезге қарсы диспансерлерден) сұмдық кезекте тұрып, алыс жерге барып, 1-2 сағат уақыт жоғалтатын едік. Қазіргі бұл қызметтерді үйде отырып, интернет арқылы 1 минутта алуға болады.
  • Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу санаға да байланысты. Осыған байланысты мектептен бастап сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу, адалдыққа баулу шаралары жүргізіліп келеді. Облыстағы мектептердің басым көпшілігінде «Адалдық дүкендері» ашылды, «Адал ұрпақ» ұйымдары жұмыс жасауда. Ендігі кезекте азаматтар мен заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды түрге ауыстырып, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын сапалы іске асырып, сананы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеуге тәрбиелесек, сыбайлас жемқорлықты мүлдем жоямыз.
  • – "Ақмешіт адалдық алаңы" жобасының бүгінгі жұмысы қандай?
      –       ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және облыс әкімінің қолдауымен Сыр өңірінде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Осыған орай, жоба аясында азаматтардың күнделікті тыныс тіршілігімен байланысты көпшілік жағдайда тығыз өзара қатынасатын 10 салалық бағыт айқындалып белгіленді. Олардың қатарында денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамту, сәулет, құрылыс, коммуналдық-шаруашылық, ауылшаруашылығы, жер қатынастары, салық және құқық қорғау органдары бар.
Мөлдір САБЫРЖАН
05 шілде 2019 ж. 2 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031