POLSHADAN SALEM! Анна АХМЕДОВА, Лодзь университетінің студенті: ҚОНАҚҚА БАРҒАН ЖАҚСЫ, ҮЙДЕ БОЛУ ОДАН ДА ЖАҚСЫ
«Студенттер қалашығының» артықшылығы неде?
− Ең алғаш Лодзьға аяқ басқанымда мені осындағы әр түрлі елден келген білім алушының көптігі таң қалдырды, сондықтан бұл жерді студенттер қалашығы деп айтуға болады, − деп бастады Анна әңгімесін. – Бөтен ел, басқа орта, өзге халық болған соң Польша мен біздің елдің арасында айырмашылықтың көп болуы заңды құбылыс тәрізді. Айта кетейін, Қазақстанмен салыстырғанда бұл елде азық-түлік бағасы да едәуір қымбат. Халық арасында «қонаққа барған жақсы, ал үйде болу одан да жақсы» деген сөз бар ғой, шекара асқан әрбір адам бұл сөзді жақсы түсінеді деп ойлаймын. Алайда Лодзь қаласында студенттердің білім алуына және қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай қарастырылған. Университет басшылығы әр демалыс сайын өзге елден келген студенттерге музейлер мен қаланың көрнекті орындарын тегін аралатуды дәстүрге айналдырған. Тағы бір ерекше мән бере тұсы, қалада білім саласы айтарлықтай дамыған, яғни оқыту әдістері өзгеше. Егер маған мүмкіндік берілсе, осы елдегі білікті мамандар мен оқытушыларды ойланбастан өз елімізге алып келер едім (күліп).
Банк, трамвай, сауда орнының машақаты
− Негізі шекара асып, шетелге саяхаттауды, әлемге әйгілі суретші атануды бала күнімнен армандадым. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да биология мамандығы бойынша білім алып жүргенімде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польша мемлекетіне бару мүмкіндігін иелендім және осы таңдауыма еш өкінген емеспін. Десе де бұл жақта банк, трамвай, сауда орыны сынды қоғамдық жерлерде және кейбір жергілікті тұрғындар тарапынан аздаған қиындықтар туындайтыны жасырын емес. Мәселен, банкке барып қолма-қол ақша алғаныңыз үшін үстемақы (комиссия) ұсталады. Ал трамваймен белгілі бір аялдамаға жетсең, қайтадан сол жолмен үйіңе бару мүмкін емес, себебі қайтар жолда ол басқа бағытпен жүреді. Сол үшін бірнеше көшені айналып жүруіңе тура келеді. Бірде құрбым екеуміз Лодзьдағы ең үлкен сауда орталығына барып, жатақханаға трамваймен үш сағатта әрең жеткеніміз есімде. Әрі бұл жақта сауда дүкендері таңғы сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейді, ал демалыс күндері арзан бағадағы дүкендер қызметін тоқтады, мұның бәрі күні бойы сабақтан босамайтын студенттер үшін тиімсіз. Польшада өмір сүретін тұрғындар, университетте жұмыс істейтін оқытушылар, жатақханадағы студенттер үнемі бір-біріне жылы қабақ танытып, көмектесуге даяр тұрады. Алайда Лодзьдың байырғы тұрғындарының адамдармен араласуы өзгеше, айталық дәріханаға барып, көмек сұрай қалсаңыз, олар сізге біртүрлі көзқараспен жатырқай қарайды. Осы тұста айта кетейін, өзге ұлттарға қарағанда Қазақстаннан келген студенттер бір-біріне бауырмал келеді, қай уақытта болмасын қолдан келген көмегін отандастардан аяған емес.
Лодзьға бара қалсаңыз...
− Лодзь қаласында көз сүйсінтерлік танымал жерлер көп, мысалы Мануфактура, Польша әскерінің жасыл бағы, Петроков көшесі кез келген адамға ұнары сөзсіз.
Мануфактура – қаладағы ең үлкен сауда орталығы, оның ішінде мұражай, боулинг, би алаңы, мейрамхана, кинотеатр, қонақ үй орналасқан. Бұрын бұл жерде фабрика, электростанция, цех, өрт сөндіру орталығы болғаны айтылады. Петроков көшесінде де сауда орындары мен мейрамханалар, Еуропа стилінде салынған үйлер жиі шоғырланған, сондықтан ол қаладағы ең үлкен көше болып саналады. Ал жасыл бақ өзге орындардан табиғи әдемілігімен, өзгеше архитектурасымен ерекшеленеді, − дейді Анна.
Гүлдана ЖҰМАДИН