» » » Ғазиз БАҚЫТЖАНҰЛЫ, Чех экономикалық университетінің ІІ курс студенті: Чехияда білім алуға мүмкіндік жасаймыз

Ғазиз БАҚЫТЖАНҰЛЫ, Чех экономикалық университетінің ІІ курс студенті: Чехияда білім алуға мүмкіндік жасаймыз

MICROSOFT, ОNESPAN КОМПАНИЯСЫМЕН БІРГЕ 
ЖҰМЫС ІСТЕЙМІН

     ‒ Чехия ‒ әлем бойынша өмір сүруге тиімді мемлекеттердің ондығына кіретін мемлекет. Біздің елмен салыстырғанда жергілікті халықтың ұлттық ерекшеліктері, өмірге деген көзқарасы, салт-дәстүрі өзгеше.
      Ең алғаш шетелге шыққан кезде Ресейдің ең жас бизнесмені Аяз Шабуддиновпен бірге бір ай қызмет еттім. Ол жерде мол тәжірибе жинап, ғаламтор арқылы акцияларды сататын  тағы бір белгілі компанияға жұмысқа орналастым. Бұл компанияда елуге жуық қызметкермен араласып, бизнес бағытында көп дүние үйрендім. Кейін UNІ global компаниясына түйіндемемді жіберіп, қызметке өтініш қалдырдым, олар менің қызмет тәжірибемді ескеріп әрі неміс, ағылшын, чех, орыс тілін жетік білетін болған соң жұмысқа бірден қабылдады. Бұл жерде мен Еуропалық Банк Экспосына демеуші іздеймін. Сондай-ақ қазір Microsoft, Оnespan жане JP morgan атты әлемге танымал, жаңа технологияларды дүниеге  әкелген компаниялармен бірге жұмыс жасаймын. Айта кетейін, осы еңбегімнің нәтижесінде Чехия және Германия мемлекетінің Еуропалық Банк Экспосында «сату жөнінде ең жас атқарушы менеджер» (sales executive manager) атандым.






ЧЕХИЯҒА ЖОЛДАМА БЕРЕТІН КУРСТАР КӨП, БІРАҚ...
   ‒ Чехияда оқу тегін әрі студенттердің тез арада жұмыс табуына да мүмкіндіктер қарастырылған. Студенттерге арналған асханадағы тағамдар Қызылорда қаласындағы бағамен бірдей. Егер ЖОО-дағы бір студент университет есебінен  басқа елге барып тәжірибе алмасқысы келсе, оған 4 ай мерзімге 800 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Қазір Чехияға жолдама беретін курстар өте көп,  бірақ олардың басым көпшілігі жалған ақпарат таратуы мүмкін. Сондықтан Қазақстандағы белді тұлғалармен бірлесіп, республиканың оңтүстік аймағына ақпарат тұрғысынан көмек беруді жоспарлап отырмыз.  Негізі шетелге келмес бұрын әрбір жас ағылшын тілін үйренгені дұрыс, ал жаңа елге орныққан соң сол елдің мемлекеттік тілін меңгерсе, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.
ЖАСТАРДЫҢ ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ

      ‒ Чехияда жүргенде ата-анамды, достарымды жиі сағынамын. Тіпті күнде көретін көршілерімді де (күліп). Сол үшін осындағы қандастарымызбен жиі араласып тұрамын. Мен шекара асқалы қаржылық қиындық көрген емеспін,  себебі жоғарыда айтқанымдай бірден жұмысқа орналастым. Бірақ шет мемлекетте оқудың бір осал тұсы оқыс оқиға орын алса, сеніп баратын адамың болмайды. Сондықтан көп жағдайда ата-анамыз уайымдамасын деп мәселені өзіміз шешеміз. Бәріңізге белгілі шетелден мол тәжірибе жинақтауға болады, өйткені өзің еңбек етіп, барлығын жауапкершілігіңе аласың. Чехияда жана иновациялар өте қарқынды дамыған, алдағы уақытта елге оралып, білім саласына осы өзгерістерді енгізгім келеді.
     Ал қазір жоғарыда айтқандай бірнеше мемлекет банкирлерімен және басшылармен карым-қатынас орнатудамыз. Алла қаласа өз еліміздегі жастардың шетелге келуіне, тез арада жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасайтын боламыз.
 
Гүлдана ЖҰМАДИН
13 ақпан 2020 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031