Қадір

    Кейде адамдар тірісінде бір-бірінің қадіріне жетпей һәм өзінен жақсы, өзгеден жаман жан жоқтай көретіні бар. Өткен аптада облыстық ақындар айтысы өтті. Айтыстың ортасындағы үзілісте сахнаға қазалылық Ақжол Түменбай деген ақын жігіт шығып: "Қазақтар ұлы адамдарды өлгеннен кейін қадірлеп, арнау арнайды. Осы кезге дейін мүшәйраларда о дүниеге аттанған мықтыларға арнау жаздық. Өзі қазақта жалғыз Жүрсін Ерман бар. Ағама көзінің тірісінде, осы сахнада өлең арнамақпын", – деді. Сөйтіп арнау оқыды. Ойланып отырсам, тіріңде бет жыртысып, сыртыңнан гу-гу өсек айтып, өзгелердің құлақ құрышын қандыратын адамдар қайтыс болғаныңда жер тепкілеп жылауы бек мүмкін. Төрінен көрі жақын болса да өңменіңнен өткізіп тұрып әңгіме айтатындар да жетерлік. Ал ақтық сапарға аттанғаныңда сендей ұлы адам жер бетінде қалмайды. Былайынша айтқанда, «Ең соңғы тұяқ. Осыдан кейін көрмейсіңдер» дегеннің кері.
Бірде атақты пианист Артур Рубейнштейн кезекті концертінен шығып, есік алдында тұрған «фанаттарына» қолтаңба бере бастайды. Кезек кішкентай қызға келген кезде пианист қолдарының шаршағанын айтып, қол қойғысы келмей тұрып қалады. Сонда әлгі қыз:
– Қолыңыздың шаршағанын түсініп тұрмын. Бірақ менің де қолдарым кем дегенде сіздікіндей ауырып тұр.
Артур Рубенштейн түсінбей, қыздан себебін сұрайды.
– Өнеріңізге қол соғудан, – деп жауап берген екен.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
---
21 ақпан 2019 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031