» » АҚМЕШІТТЕГІ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

АҚМЕШІТТЕГІ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

    Сұлу Сырдың 200 жылдық мерекесі аясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Ұлттың айбыны – рух байлығы" атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.  Жас айтыскерлер сайысына барлығы 5 жұп қатысты. Сахнаға шыққан арқалы жас ақындар қоғамдағы түрлі мәселелерді ортаға салды. Қағытпа қалжыңдар мен орамды ойлар айтып, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, алматылық Жібек Шахмардан мен Нұрмұхаммед Байсүгіров, Нартай Тілеуқұл, Бекжан Ержігіт, Дәурен Ысқақ, Сырым Әділбековтер көптің көңілінен шықты. Нәтижесінде 6 ақын ынталандыру сыйлығына ие болды. Алматының Жібегіне ІІІ орын бұйырса, ІІ орынға қос ақын қарағандылық Нұрмұхаммед Байсүгіров пен ақтөбелік Нартай Тілеуқұл лайық деп танылды. Ал бас жүлде, 400 мың теңгені астаналық ақын Сырым Әділбеков иеленді.
27 қыркүйек 2018 ж. 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31