» » АҚШ Солтүстік Кореяға қатаң санкция салатынын ескертті

АҚШ Солтүстік Кореяға қатаң санкция салатынын ескертті

АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс Пхеньян ядролық сынақтардан бас тартпаса қатаң санкция салатынын ескертті.
Майк Пенс Оңтүстік Кореяның Пхёнчхаң қаласында өтетін Қысқы олимпиадаға АҚШ құрамасын бастап келген. Ол 7 ақпан күні Жапония Премьер-министрімен кездесу кезінде "АҚШ Солтүстік Кореяға қатысты қатаң санкция салуды жалғастыратынын" айтқан болатын.
Ал ол бүгін егер Пхеньян ядролық сынақтардан бас тартпаса АҚШ-тың санкциясы жалғаса беретінін тағы ескертті.
"Мен кеше айтқанымдай, Солтүстік Корея ядролық сынақтардан, балистикалық зымыран бағдарламаларынан біржолата бас тартпайынша, біз қатаң түрде санкция салуды жалғастыра беретін боламыз" - деді ол.
Қазір олимпиадаға келген екі Кореяның саяси өкілдері келіссөздер мен кездесулер өткізіп жатыр. Оңтүстік Корея өзінің ежелгі көршісін ядролық қарудан бас тартуға көндіруді көздейді.
2017 жылы Солтүстік Корея 23 балистикалық зымыранын 16 рет ұшырып, сынақтан өткізген болатын. Бұл ел ядролық бағдарламаларды қолдануды мемлекеттің тәуелсіздігі деңгейімен өлшейтінін бұрыннан ашық айтып келе жатқан ел.
08 ақпан 2018 ж. 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031