Харуки Муракамидің қайталанбас ең үздік 10 туындысы
1. «Слушай песню ветра» (1979)
Бұл кітап Муракамидің “Крысы” трилогиясының алғашқы романы. Туынды есімі аталмайтын бір адамның әңгімесі туралы. Ол өзінің досы егеуқұйрық, сүйікті қыздары мен өмірі туралы баяндайды. Оқиға желісінде әңгімелеуші мен оның досы Егеуқұйрық сыра ішіп отырады. Олар әйелдер туралы сөз етеді. Кенеттен бір ғажайыптың орын алғанын күтеді. Олар қандай оқиғаға тап болар екен?Кітапта бірнеше ой қамтылған. Бірақ іліп алар ештеңе жоқ болып көрінуі де мүмкін. Оқуға жеңіл, өте сезімтал туынды.
2. «Пинбол-1973»
“Крысы” трилогиясының екінші романы. Бұл кітапта жоғарыда аталған кейіпкердің әңгімесі жалғасын табады. Ол үйіне екі егіз қызды қоныстандырады. Туынды осы қыздар мен оның досы Егеуқұйрық туралы. Басты кейіпкер антикварлық (сирек кездесетін) ойыншық автомат іздеп шығады да, оны қараусыз қалған құс фабрикасынан тауып алады. Оқиға желісі қалай жалғасатынын білгіңіз келсе, туындыны оқып шығуға кеңес береміз.3. «Охота на овец» (1982)
“Крысы” трилогиясының үшінші романы. Адамға қой малының жаны қонғаны туралы Қытай аңызына негізделіп жазылған. Бұл оқиғада қойдың жаны қонған адам басты әңгімелеуші кейіпкердің өзі болады. Оқиға немен аяқталады екен? Қойдың жаны адамға қалай қонды және оқиға желісі ары қарай қалай өрбіді деген сұраққа туындыны оқып шыққаннан кейін біле аласыздар.4. «Хороший день для кенгуру» (1983)
Кітап бірнеше сюжеттен тұрады. Оқылым барысында Адам-Қой (Человек-Овца), Құс-улы саңырауқұлақ (Птица-поганка), итбалық, таксидегі қансорғыш және тағы да бірнеше кейіпкерлерді кездестіресіз. Әрқайсының бөлек оқиғасы бар. Бұл кейіпкерлердің барлығы Муракамидің туындыларында бар. Қызыққа толы оқиғалардың орын алуымен қатар, оқиға желісі өте ерекше аяқталады.5. «Страна Чудес без тормозов и Конец Света» (1985)
Туынды бір-біріне ұқсамайтын екі әлем туралы. Алғашында бұл екі әлемнің бір-біріне еш қатысы жоқ болып көрінуі мүмкін. Басында биік-биік қабырғалармен қоршалған қаладан қашып кеткісі келетін адамдар туралы айтылады. Кейіннен екі түрлі әлемнің қандай ұқсастығы бар екенін білесіз. Өте қызық оқиғалар орын алған қайталанбас роман.Бұл кітаптың сүйікті оқырмандары өте көп. Бір рет оқып шыққан адамды керемет әсерде қалдыратыны сөзсіз деп те айтады. Ендеше, оқып шығып, бағасын өзіңіз беріңіз.