» » Грузия билігі несиесін төлей алмай жүрген 600 мың адамды кешірді

Грузия билігі несиесін төлей алмай жүрген 600 мың адамды кешірді

Грузия билігі жыл аяғына дейін 565 миллион долларға жуық несие қарызын жою туралы шешім қабылдады.
Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадзе 600 мың адамның банктердегі берешектері жойылатынын хабарлады. Олардың төрттен бірі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар немесе отбасылар. Он мыңға жуығы мүгедектер. Банктерден несие алған азаматтар қарызын төлей алмай, «қара тізімге» енген.
Премьер-министрдің айтуынша, жойылатын қарыздың жалпы сомасы – 1,5 миллиард лари (565,3 миллион).
Қарызды жою рәсімін Грузия билігі мақұлдады. Процесс желтоқсанның ортасынан басталып, ай аяғына дейін жалғасатын болады. Несие арқасына ауыр жүк болып жабысқан кей азаматтар жаңа 2019 жылды ешқандай қарызсыз қарсы алуға мүмкіндік алмақ.
«Қамшы» сілтейді
26 қараша 2018 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031