Таза мекен

 Сенбіліктің қоғам назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.
Кеше Jas Otan ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Бегім ана көшесінде орналасқан «Аналар аллеясы» демалыс паркінде сенбілік өткізді. Мақсат – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.
Жасотандықтар бастамасымен басталған «Таза мекен» эко-акциясында еріктілер аула маңын қағаз-қалдықтардан тазалап, қызу түрде жұмыстар атқарды.
Бүгінде акцияға жасотандықтар, жастар ресурстық орталығының белсенді жастары мен қала тұрғындарынан ұйымдасқан 50 ерікті атсалысты. Айта кетерлігі бұл бір реттік шара емес және алдағы уақытта жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Демалыс күндері халық көп жиналатын демалыс орындарын таза ұстау керектігін алға тартқан жасотандықтар, қала тұрғындары мен қонақтарды табиғатты аялауға шақырады.

25 қазан 2020 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031