» » Қызылордада автомобиль жолдарын жөндеуге 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қызылордада автомобиль жолдарын жөндеуге 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Биыл облыста автомобиль жолдарын жөндеуге түрлі қаржы көздерінен 20 млрд. 289,3 млн. теңге бөлінді. Қомақты қаражатқа ұзындығы 498,2 шақырым құрайтын автомобиль жолы мен көшелер және көпір өткелдері жөнделуде.
Жалпы жол желісін дамытуға 4 мемлекеттік бағдарлама арқылы қаражы тартылды. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасымен облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 147 шақырым құрайтын автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 4,6 шақырым болатын Қызылорда қаласындағы С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі жол салынуда. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен 72 шақырымды құрайтын 66 көшеге асфальт төселуде. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен барлығы 263 жоба жүзеге асырылуда. Яғни, ұзындығы 255 шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға елді мекендердің 20,7 шақырым жолына асфальт төселуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясындағы жол жөндеуге қатысты жобаларды жүзеге асыру барысында 2639 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жұмыстар толық аяқталған кезде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық көрсеткішінің үлесі жоспарлы 69% құрайды, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов.
04 қараша 2020 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30