Суицидке жол жоқ

Қатысушылар тың дерек-дәйектермен танысып, маңызды мағлұматтарға қол жеткізді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемнің әрбір төртінші немесе бесінші тұрғыны психикалық күйзелісті басынан өткереді. Әлем бойынша ең жиі таралған психикалық аурулар – депрессия 26% әйелдер мен 12% ер адамдарда байқалған. Психикалық өзгерістердің 20 проценті балаларда кездескен. Сондықтан психологиялық ахуалды зерделеуді тоқтатпау және жастардың денсаулығына мән беру маңызын жоймайды.