» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал


Тоқты
Тағдырға қарсы келемін деп әуре болмаңыз. Бүгін жолыңыз болмаса да, келер күні барлығы сәтімен болады. Қарапайым қалпыңызды сақтаңыз. Әріптестердің қызғанышын тудырудан аулақ болыңыз.
Торпақ
Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Мақсатқа жету үшін біраз қадамға барасыз. Бірақ ойыңызбен, жоспарыңызды құпия ұстаңыз. Әсіресе, әріптестер мен достарға тіс жармаған дұрыс.
Егіздер
Айналаңыздағылардың барлығы бірдей сіздің талғамыңызбен жүруі міндетті емес. Өзгелердің таңдауына түсіністікпен қараңыз. Әйтпесе, жаныңыздағыларды жоғалтып алуыңыз мүмкін немесе сізден көбісі теріс айналады.
Шаян
Өз көзқарасыңызды, өзгелер туралы пікіріңізді өзгертпеңіз. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз алшақтап, түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Қиялға ерік беріп, біраз уақытыңызды жоғалтып аласыз.
Арыстан
Апта аяғында көптен бері ойлап жүрген көлігіңізді сатып аласыз. Көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділігіңіздің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.
Бикеш
Істеріңіздің барлығы алға басады. Бұл қарсыластарыңыздың қызғанышын тудырады. Үлкен кісілермен және лауазымды тұлғалармен сөйлескенде абай болыңыз. Аңдамай сөйлеп олардың көңіл-күйін түсіріп алмаңыз.
Таразы
Ұнатқан жанға сөз салып, жүрегіңіздің иесін табатын апта. Шаңырақ құруды жоспарлап жүрсеңіз нағыз сөз байласатын уақыт. Бүгінгі күн қандай істі болмасын бастауға өте қолайлы сәт. Көптен бері ойға алған ісіңізді жүзеге асырасыз.
Сарышаян
Серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз. Туындаған мәселелердің барлығын тез арада шешіп отырыңыз. Бастысы шешімді дұрыс шығара біліңіз. Еңбегіңіз ескерусіз қалмайды.
Мерген
Сізді аптада тосынсыйлар мен сый-сияпаттар күтіп тұр. Есесіне өзіңіз де мол қаражатты жұмсап жібересіз. Бірақ алаңдамаңыз, жұмсалған ақша текке кетпейді. Келіссөз жүргізуде өзіңіздің қулығыңызды асырасыз.
Тауешкі
Ойламаған жерден мол табысқа ие боласыз. Жылжымайтын мүлік аламын деп жүрсеңіз сол ойыңызды жүзеге асырыңыз. Денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз. Өзіңізден жасы үлкен әріптестердің арқасында қызметте жоғарылауыңыз ғажап емес.
Суқұйғыш
Жетістікке жетуге деген талпынысыңыз оң нәтижесін береді. Мықты маман ретінде сұранысқа ие боласыз. Достарыңызбен және сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Орын алып жатқан жағдайлар сізді көп алаңдатпайды.
Балықтар
Өте керемет апта. Сауда жасауға да қолайлы. Демалыс күніңізді жақсы өткізесіз. Бұл күні көбісі сізге қызыға қарайды. Сондай-ақ жұлдыздар көп қаржы жұмсамауға кеңес береді.
20 қараша 2020 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930