» » Ең танымал 5 таңба туралы не білеміз?

Ең танымал 5 таңба туралы не білеміз?

Амперсанд (&)

Амперсанд белгісі (&) латындық «et» немесе ағылшынша «and», яғни «және» деген мағынаны білдіреді. Бұл лигатураны ежелгі Римде ойлап тапты. Цицеронның жеке хатшысы Тирон, хатты жылдам жазу барысында сөздерді қысқартып таңбалармен көрсеткен. Сондықтан аталмыш белгі «Тирон белгісі» деп аталады.
Кейіннен, бұл белгі ұзақ уақыт бойы Еуропа мен Америкада ағылшын әліпбиінің соңғы қатарында тұрды. Тек ХХ ғасырдың басында аталмыш белгі жоғала бастады. «Амперсанд» сөзі – «And per se and» тіркесінің қысқартылған түрі. Балалрға әліпби үйрету кезінде мұғалім z-дан кейін Аnd per se and деп айтқан. Қазіргі таңда заман ағымына сәйкес бұл белгі e және t әріптерінің қосындысы ретінде де қаралад
ы.



Жүрек

Жүрек белгісінің пайда болуы туралы бірнеше болжам бар.
Оның алғашқы белгісі: Бір жұп аққулар бір-біріне қарай жүзіп, түйіскен сәтте жүрек пішіні пайда болады. Көптеген халықтарда бұл құс – сүйіспеншілік пен адалдықтың символы, өйткені қалыптасқан жұп өмір үшін бірлікте тұрады.
Басқа гипотезада бұл белгі бастапқыда әйелдік принциптің символы болғанын айтады. Ол әйелдің жамбас пішінін бейнелейді. Ежелгі гректер тіпті Афродитаның арнайы храмын салған. Себебі бұл бірегей бөкселердің ғибадат еткен бүкіл әлемдегі жалғыз храмы еді.
Сондай-ақ, бұл белгі – шырмауық парағының нысаны. Гректердің пікірі бойынша әдетте ол шарап жасаушы Тониуспен, құмарлықтың патронымен бейнеленген.



Bluetooth

Bluetooth атауы Данияның Harald Blåtand (дат. blå tand — көктісті) деген конунгі атағына берілген. Х ғасырда Данияны Харальд  Блатанд атты патша басқарған екен. Ол Данияның тарыдай шашырап жүрген тайпаларын бүтін бір хандыққа біріктіріпті. Харальдті тұрғындар Көктісті деп атаған. Өйткені ол қарақат жегенді өте  жақсы көріпті. Және де оның бір тісі үнемі көкпеңбек болып жүреді екен.
Bluetooth (ағылшын тілінен аударғанда «көк тіс» деген мағына береді)  технологиясы бірнеше құрылғыны бір желіге біріктіруге арналған. Ал бұл технологияның  белгісі скандинавиялық руналардың бірігуінен туындаған. Олар «хагал» немесе «хагалаз» (Hagall) – латынша Н әрпіне ұқсас, және «беркана» (Berkana) – латынша В. Яғни Харальд Блатандтың алғашқы әріптеріне сәйкес келеді. Атап өтетін жағдай, алғашқы құрылғы көк түсті және тіске ұқсас келген. 1994 ж. Ericsson швед компаниясы сымсыз байланыс арқылы ұялы телефондарды, компьютерлерді, т.б. шет құрылғыларды біріктіруді ойластырды. Соның нәтижесінде 1998 жылы алғаш рет Ericsson, Nokia, Intel, IBM, Toshiba компанияларын біріктірген Bluetooth SIG (Bluetooth Special Interest Group) тобы құрылды.


«OK» белгісі

Көптеген мемлекеттің тұрғындары қолмен көрсетілген «О.К.» белгісін бірден тани кетеді. Ол «бәрі жақсы» немесе «дұрыс» деген мағынаны білдіреді. Алайда оны барлығы бірдей дұрыс қабылдай қоймайды екен. Мәселен, Францияда бұл теріс мағына білдіреді. Бұл белгінің пайда болу тарихының бірнеше нұсқасы бар.
  • «О.К.» белгісі АҚШ президенті Мартин Ван Бюреннің туған жері – Нью-Йорк штаты Old Kinderhook-тің қысқартылып алынуынан пайда болған деген болжам бар. Ван Бюрен өзіне туған жеріне сәйкес келетін лақап ат таңдап алған екен. Оның компаниясының жарнамалық ұраны «Old Kinderhook is O.K.» болыпты. Ал плакатта – осы белгіні көрсетіп тұрған адам бейнеленіпті
  • Осындай болжамдардың тағы бірінде АҚШ президенті Джексон бұл белгіні шешім қабылдау кезінде пайдаланған деп айтылады. Ол all correct сөзін немісше oll korrekt немесе қысқартып «О.К.» деп жазып отырған.
Тағы бір нұсқада «О.К.» белгісі – буддизм мен индуизмде діни белгіні білдіреді екен. Және де будданың мүсіндері көбінесе осы белгімен бейнеленеді.


Power белгісі

«Іске қосу» немесе Power белгісін кез-келген құрылғыдан кездестірген боларсыз? Бірақ оның қайдан шыққаны жөнінде ешкім біле бермейді.
40-жылдары инженерлер «қосу-өшіруді» белгілеу үшін екі түрлі жүйе қолданған. 1 «іске қосу» дегенді білдірсе, ал 0 – «өшіру» дегенді білдіреді. Соның арқасында қазір қолданып жүрген белгіміз пайда болды. Яғни белгіде 1 мен 0-дің бейнеленгенін анық байқауға болады.




11 шілде 2018 ж. 991 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930