ЖАЙНАМАЗ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

– Егер адам қателік жіберсе, яғни намаз әрекеттерін орындауда асығыстық жасап немесе кейіндеу қалып жатса, сенсорлы жайнамаз вибрациялық толқын арқылы белгі береді. Сондай-ақ бұл вибрациялық толқындар намаз оқушының ойын бөлмейді, – дейді аталмыш туындының авторлары.
Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы Бақтияр Оспановтың айтуынша, қасиетті кілемшені таңдауға бейжай қарамаған абзал.
– Намаз оқығанда көз төменде, яғни жайнамаздағы сәжде нүктесінен көз алмай оқу – ең басты әдеп. Сондықтан ой бұзылмас үшін мейлінше жайнамазда сурет болмауы тиіс. Бүгінгі таңда сатылымдағы жайнамаздың көбі Қытайдан келеді. Олардың ішінде әсемдеу мақсатында ою өрнек салынғаны бар. Мұқият қарасаңыз, ерекше дизайнның астарында көз бен жан жануардың суреті бейнеленген. Дизайндық жағынан мықты болуы мүмкін, дегенмен сананы сан саққа жүгіртеді. Негізінде Түркиядан келетін жайнамаздар қолайлы әрі сапалы. Бұл әлгі Қытайдың тауарынан қымбат әрі түрі әдемі болмауы мүмкін. Бірақ сәждедегі адамның ойы шашырамайды.
Жайнамаз – мұсылмандықтың рәмізі. Жайнамаз – тазалықтың белгісі. Пайғамбарымыз с.ғ.с «тазалық – иманның жартысы», - дейді. Олай болса жайнамазға бейжай қарамайық.