ЖЕКЕ НОТОРИУС: ТӨРТ ҚАДАМ
Заман талабына сәйкес ата заңның сақшылары жыл санап артып келеді. Дегенмен қоғам арасында әлі де ноториус ашу үшін қандай талаптар қойылады деген сан сауал халық арасында жиі кездесуде. Соған сай адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу және нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету талаптарына тоқталғанды жөн көрдік.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 қазандағы қаулысына ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы №637 қаулысымен өзгерістер енгізілуіне сәйкес, 2018 жылы 10 қаңтарда «ҚР Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу» туралы №54 бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрыққа сәйкес, тағылымдамадан өтіп, адвокаттық қызметпен және нотариаттықпен айналысу құқығына үміткерлерді аттестаттаудан өткізу қағидаларына, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламентіне өзгерістер енгізілді.
Адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен үміткерлер облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық әдiлет органдары жанында аттестаттаудан өтедi. Комиссияның жұмыс органы – аумақтық әдiлет органы. Үміткеркерлерді аттестаттау жөніндегі комиссия жетi мүшеден – үш адвокаттан, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады. Ал нотариаттық қызметпен айналысуға рұқсат алатын адамдар үшін аттестаттау жөніндегі комиссия екі нотариустан, нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Адвокаттық қызмет туралы заңына сәйкес, ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар, теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор сонымен қатар тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар және "ҚР сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" ҚР 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1, 2, 3, 9 және 12 тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтатқан адамдар адвокаттық қызметпен айналысу құқығына анықтайтын комиссияда аттестаттаудан босатылады.
Ал нотариат туралы заңға сәйкес, ҚР Әділет біліктілік алқасында немесе ҚР Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндетін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған, тұрақты судья болып жұмыс істегендер, сондай-ақ мемлекеттiк нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы. Яғни осы заңдылықтарға сәйкес негізделген адамдар аттестаттаудан босатылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртiбi адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тұрғылықты жері бойынша комиссияға аттестаттауға жіберу туралы сұрау салады. Сондай-ақ оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны немесе тұрмайтыны туралы анықтама, тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамасының электронды көшірмесін жолдайды.
Ал нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер жоғарыда аталған талаптармен қатар заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесін жібереді.
А.ҚОСБЕРГЕНОВА,
облыстық Әділет департаментінің
бөлім басшысы