» » БІР БАЛА БІР КЕМПІРДІ ӨЛТІРІПТІ...

БІР БАЛА БІР КЕМПІРДІ ӨЛТІРІПТІ...

 
Бала кемпірді өлтіретіндей ол не істеп қойды? Кемпірдің кінәсі не?  Кішкентайбаланың қиялына үлкенге қиянат жасау қайдан келді? О тоба, бұл заманда  таңырқайтын нәрсе қалмады. Бәрі болып жатыр...
Адамның санасына алдымен осындай жаман ой жылдам келеді. Тіптітүйінін түсінбеген кісі мәтелді тура мағынасында орысшаға осылай аударса не болар еді.  Шын мәнінде мұны қалай түсіндіруге болады.
Бала күнімізде шешемнің көп айтатын сөзінің бірі осы еді. Бәлкім, балалықпен мағынасына мойынұсынбаған шығармыз, әлде сана саяздығы ма, әйтеуір жадымызда жатталғаны болмаса маңызына онша мән бермеппіз. Сөйтсек түбірі   терең тағылым екен.
Айтпасақ сөздің атасы өледі, өтпелі кезеңде бір  бастың базарынан аса алмадық, тек өзімізді ғана ойладық. Болашақтан гөрі бұйығы бүгіннің болмысына берік байлам жасап, тіршілік түйткілін күйттеп кеттік. Арман-тілек ас-ауқаттан арыға аспады. Балалы-шағалыболуды көздеу кейіндеп қалды. Бір-екі балаға тоқмейілсіп, құдайдың бергеніне тоба қылдық. Шынтуайтына келсек, шама-шарқымызды шеңберлеп, баланы шектеп қойдық. Сол кезеңде еліміздедемография көрсеткіші де құлдырауға түсті. Демек бір бала мен бір кемпірдің мәнісі бар.
Рас, көп балалы үйдің кем-кетігі көп болар,  шиеттей баланы жетілдіруге түрлі  жетіспеушілік салдары сан соқтырып, әсіресе қаржы жағынан қыспақтады. Бірақ бір қозы артық туса бір  түпжусанның артық шығатынын ескермедік. Әр баланың өз несібесі болатыны, тәңірдің таршылық жасамайтыны қаперге қона қоймады. Бір кем дүние дегенің осы шығар, асылы.
Тәйірі, жоққа жүйрік жетпейді, есесіне барға қанағат еткен де кері кетпейді. Солай болды  да.  Әйтеуір көштен қалмай, замана лебіне  ілескенбетбұрыс  көзге көрінген соқпақтан сүрінген  жоқ. Әлі де сол соқпақпен  сүйретіліп келеміз. Алдымыз – арман, артымыз  – жалған.
Біз талай көп балалы отбасында болдық. Аядай үйден айқай-шудың ызыңы сезілмейді, шынтуайтын айтқанда,  қоламтадан баланың бар-жоғы білінбейді.
Көп балалы демекші, Жалағаш ауданы Еңбек ауылында  Сабыт пен Фатима Қаршығаевтар 18  ұл-қыз  өсіріп отырған үлкен шаңырақ бар. Оған келген келін мен немерені тағы қосыңыз. Мені баурағаны –  олардыңбауырмалдық қасиеті еді. Байқағаным, тамаққа таласпай, бір қасық асты бөліп жеуге  бір-біріне бүйрегі  бұрып тұрады. Киімді ұқыпты ұстап, бір-бірімен алмастырып киеді. Таңертең мектепке кеткенін  түсте екіншісі күтіп отырады.  Осылай дағдыланған. Қызық,  түн тылсымы ұйқыға жетелеп, төсек қабаттаса салынды. Демек топтасып бір бөлмеде жатады.  Бірбүйірін беріп, біріне-бірі жанаса жатқанда бауыр–бауырмен байланысқа түседі. Демек табиғи жылылықты сезінеді. Туыстығын, қаны бір  қасиетін биологиялық жол арқылы қанықтыра түседі.  Ендеше қазақтың  «Бауырым» дептекке  айтпағаны белгілі болды.
Бұлар бір-бірін жетелеп, үлкені кішісін тәрбиелейді. Әке-шешеге еркелеп, аяғына орағытылып  жүрген бірі жоқ. Әркім өзімен-өзі. Ортақ бір  ісбасталса  бәрі жұдырықтай жұмыла қалады. Татулыққа  тәнті боласын.
Жалпы бүгінгі күні баланы шектеу басымызда бар болмыс. Тым болмаса үш-төрт бала  табуға  болар еді, алайда  қолқысқалық құрықты ұзаққа сермеуге мүмкіндік  бермейтін сияқты.  Оның бірнешесебебі бар.
Мәселен, өскелең өмір бәсекелестікке бастап кетті. Тұрмыстық мәселе бірінші  кезекке көтерілді.  Дүние жинау, зәулім сарай салу, онымен өзгеге мақтану әдетке айналды. Бала баққаннан ит пен мысық ұстаған анағұрлым абыройлы, мол байлықтың белгісіндей көрінді. Еуропаның ханзадалары секілді көшеде ит жетектеген әйел мен еркек көбейді. Жалпы демографиялық мәселе экология сияқты, қоғам үшін аса маңызды проблема, сондықтан ол өз шешімін табуды талап етеді. Одан қол сілтеп, оны айналып өтуге келмейді. Бұл мәселеде мемлекетке статистика жақсы қызмет көрсетуі тиіс. Бұл жөнінде сонау 19 ғасырда Ұлыбритания премеьр-министрі Бенджамин Дизраэли: «Өтіріктің үш түрі бар. Олар: өтірік, жағымсыз өтірік, статистика»,– деген айқын анықтама беріп кеткен-ді. Бұл қанатты сөздің соңғысы шындыққа айналса дейміз. Расында, осыдан бірнеше жыл бұрын Қызылорда облысы халық саны жөнінен алдымен Ақмола, сосын Павлодар облыстарын басып озса, қазір ол көрсеткіш 40 пайызға құлдырап кеткен.
Бұрыңғы  келінмен жарысып туатын енені қазір шам алып соңына түскенмен туасы таппайсын. Ұят болады деуден емес, ұғымының  қысқалығы кедергі. Бала таппаудың салдары түрлі ауру-сырқауға  әкеп соғатынын   ескермейді. Осыған орай облыстық аурухананың акушері Дана Мырзахметовадан анық қанығын сұрадық.
– Негізі Қазақстанда бала туу жасындағы әйел деп 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдер деп бекітелген, бірақ, бірақ 40 жастан асқан әйелдердің дені сау бала өмірге әкелуі әр түрлі себептерге байланысты (генетикалық өзгерістерге) екіталай. Аналардың сәби таппағаннан  гинекологиялық ауруларға тап болу бек мүмкін. Мысалы, жатыр миомасы, аналық без эндометриозы, аденомиоз, климактериялық синдромның ауыр түрде өтуі секілді. Дәл осындай аурулар бүгінде аналардың арасында белең алды, – дейді дәрігер.
Жасыратыны  жоқ, тұрмысқа ерте бастан, кәмелет жасына жетпей шығу үрдіс алды. Он бес-он алты жасында ақ босаға аттаған ару қырыққа жетпей әже дәрежесіне ие болуда. Демек туу жасындағы әйелдердің  өздігінен топтан ысырылып  қалу жайы еселей түседі. Бұған етіміз де үйренді.
Туасы, жалғыз-жарым баланы баққаннан ауыр ештеңе жоқ шығар. Ерке, шолжаң мінезді баланың аузына тосқан тамақты итеріп тастап, болмашыға бұлқан-талқан қылық шығарып, көзі құрғамайтын  күйін көріп жүрміз. Балаға қараған кемпір бақуат емес ғой, ол күні бойыонымен алысып, белі бүгіліп,  сілесі қатады. Кемпірді өлтіретін осы жәйт.
Заманның жайлы жағдайына  жеткен соң үй де кеңейді, соған сай  балаларды бөле-жарып, оларға жеке-жеке  бөлме беріп,  бір-бірінен алшақ ұстау, жаттануға  тәрбиелеужиілеп кетті. Осылай өз қолымызбен тағылымды тәрбиені тұқыртып тастадық. Міне, соның  ықпалы шығар, бір әке,бір шешеден туылса да бірінің  киімін  бірі кимейтін,  бірінің сөзіне  бірқұлақ аспайтын  ұрпақ пайда болды.
Ерасыл ШӘРІБЕК
02 қараша 2019 ж. 2 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031