» » » ӨЗ ӨМІРІҢ − ӨЗ ҚОЛЫҢДА

ӨЗ ӨМІРІҢ − ӨЗ ҚОЛЫҢДА


Алдыңызға мақсат қойып соған жетуге ұмтылмау − сізге үлкен кедергі. Себебі бір үзім нан да еңбексіз табылмайды.  Өзегіңізді өткен шақтың өкініші өртеп жатса да әрбір жаңа күн, жаңа табыс әкелетініне сеніңіз.
«Менің қолымнан бәрі келеді» деген өзіңізге сенім сізді кез келген тығырықтан алып шығары анық. Оңашада мұңайып, қамыға беру ойыңызды ғана емес, жоспарыңызды да тежейді. Мұнан соң айналаңдағы адамдарға, әрбір болып жатқан оқиғаға көңілің толмай ашуланшақ болуың мүмкін. Адам болып, өз өміріңді өз қолыңа алуға кедергі келтіретін тағы бір нәрсе  – жалқаулық. Ерінбеңіз. Алдыңыздан қандай жұмыс шықса да жақсы жалақы, жайлы өмір сүріп жақындарыңызды қуанту үшін талпынып көріңіз.
Өмір тек сәтсіздіктерден тұрмайды. Әрбір жаңа минут, жаңа сағат сізге сәттілік әкелуі мүмкін. Бастысы, өзіңіздің ішкі дайындығыңыз, сеніміңіз. Жаңа өміріңізде кімдермен араласып, дос боласыз бұл да маңызды. Халқымыз ежелден «Жақсымен жүрсең жетесің мұратқа, жаманмен жүрсең қаласың ұятқа» деп өсиет қалдырған. Еңбекқор, айналасына мейірім төгіліп тұратын қайырымды жандармен аралассаңыз, өміріңіз шырайлана түседі. Жақсы адамдармен араласу жақсы орта табу − басты мақсат. Өршіл, намысты, биік рухты, батыл жүректі азамат болып қоғамның дамуына үлес қосу − баршамыздың міндетіміз.
Гүлзинат ЖЫЛҚАМАНОВА,
ЗК-169/1 мекемесінің аға инспекторы,
 психолог нұсқаушы.
01 ақпан 2018 ж. 5 035 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031