» » СОЛ ЖАҒАЛАУДЫ ДАМЫТПАҚ

СОЛ ЖАҒАЛАУДЫ ДАМЫТПАҚ


      Облыс әкімдігі мен қытайлық «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясы арасында Сырдарияның сол жағалауында тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қытай Халық Республикасының инвесторларымен кездесіп, аймақтың инвестициялық мүмкіндігімен таныстырды.
– Біз кез келген тиімді идеялар мен жобаларды қолдап, инвесторлардың нәтижелі жұмыс жасауына жағдай тудыруға дайынбыз. Сіздер сол жағалауда құрылыс салуға қызығушылық танытқандарыңызды білеміз, сондықтан бөлінетін жер учаскелеріне қажетті инфрақұрылымды тартуды өз жауапкершілігімізге аламыз және бірлескен жұмыс барысында жан-жақты қолдау көрсетеміз, – деді аймақ басшысы.
Қытайлық «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясының бас директоры Лан Лисяо әріптестік орнатқанына қуанышты екенін жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.   Ағымдағы жылдың қараша айында «Баоньбао» Синьцзян сауда компаниясы» ЖШҚ басқарма төрағасы Лю Вэй ханым бастаған ҚХР делегациясы ІХ халықаралық «Байқоңыр Инвест» форумына қатысып, бірлесе жүзеге асыру үшін 5 жоба таңдаған болатын. Атап айтар болсақ, Қорқыт ата халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу және пайдалану, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында құс фабрикасын салу, Қызылорда қаласының сол жағалауында құрылысын және «KazPump» ЖШС электр қондырғылары орнату бойынша келіссөздер жүргізілген еді. Бұл жобалар бойынша жұмыс алдағы уақытта қарқын алмақ.
А.ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ
28 желтоқсан 2017 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031