» » ӨНЕРТАПҚЫШ ӨРЕНДЕР ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

ӨНЕРТАПҚЫШ ӨРЕНДЕР ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Қазалылық жас өнертапқыштар көру қабілеті нашар адамдардың бөлме ішінде және көшеде кедергісіз жүруін бағдарлайтын, өздеріне қажетті заттарды тани алатындай арнайы құрылғыны ойлап тапты. Өнертапқыш өрендердің орамды ісіне көпшілік қызығушылық танытуда. Енді жас ғалымдар Ресейде өтетін халықаралық конкурста ел  намысын қорғайды.
№266 және №249 мектеп-лицей оқушылары Асылжан Сәтмағамбетов, Нұрайым Бекаралова, Нұрсәт Есекеев, Асылхан Қанибаев Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің және «Фонд новых форм развития образования» мекемесінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 11-15 желтоқсан күндері Мәскеу қаласында өтетін «Балалардың инженерлік командасы» халықаралық конкурсының ақтық сайысына қатысуға жолдама алды.
Елімізден аталмыш сайысқа Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің командасымен бірге халықаралық конкурс комитетінің жауапты хатшысы, бас директор М.Раковадан арнайы шақырту алған. Бұл – қазалылық жас өрендер үшін үлкен жетістік.
26 қазан 2018 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930