ТӘРБИЕШІ ОФИЦЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Осыдан 27 жыл бұрын 19 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың №1084 Жарлығымен Қазақстан армиясында командирлердің Тәрбие және әлеуметтік - құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларының институты құрылған болатын. Тәрбие жұмыстары органдарын құру тарихы Қарулы Күштердің қалыптасу және даму дәуірімен тығыз байланысты, сол кезде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды жетілдіру қажеттілігі туындады. Ол жеке құрамның қойылған оқу-жауынгерлік міндеттерін орындауға моральдық және психологиялық әзірлігін бағалауға жаңа, жоғары өлшемдермен шарттасқан. Осы өзекті мәселені шешудегі негізгі рөлді жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухын қалыптастыруға көмектесетін тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдары қызмет атқарды.
Осыған орай Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен облыстық "Жастар ресурстық орталығында" "Тәрбиеші офицерлер"
күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Қызылорда гарнизонының тәрбиеші офицерлерімен "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери - патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Қызылорда гарнизонының тәрбиеші офицерлерімен "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери - патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Жиын барысында Тәрбие, идеологиялық және әскери - патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы - Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник А.А.Жакипов Қызылорда гарнизонының тәрбиеші офицерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі генерал - майор Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың құттықтауын жеткізді. Жиын барысында тәрбие жұмыстары органдарын құру тарихы туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, Қызылорда
гарнизоны бастығының тәрбие идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бәйгебаев Талғат Құрбанұлы тәрбиеші офиицерлерді төл мерекелерімен құттықтап, гарнизон бастығының атынан Қызылорда облысының
қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбиеші офицерлері подполковник А.Жакипов, майор Н.Искакова мен Е.Абдуллаевқа марапаттаулар табыс етілді.

Сонымен қатар, "Жастар ресурстық орталығының" директоры Б.Мастековтың жетекшілігімен арнайы келген қонақтар орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты.
Жиын соңы мерекелік көңіл - күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламаға ұласты.
Жиын соңы мерекелік көңіл - күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламаға ұласты.
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі