Армияда қылмысқа орын жоқ!
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен көзделген 2019 жылға арналған профилактикалық онкүндіктердің жоспарына сәйкес, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 18-27 желтоқсан аралығында «Әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту бойынша» онкүндік ұйымдастырылды.
Осы орайда, 25 желтоқсанда Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын» жеткізу мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Н.Жакудаев, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының өкілі Ж.Түсмағамбетов, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің өкілі Ә.Ерімбетов, және қорғаныс істері жөніндегі департаменті басқармасы мен бөлімдерінің жеке құрамының қатысумен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынның мақсаты әскери қызметшілердің құқықтық білімін кеңейтіп, сыбайлас жемқорлықққа қарсы заңдылықтардың және Әдеп кодексінің нормаларын бұлжытпай сақтау. Сондай - ақ жұмысшылар мен қызметшілердің жеке құқықтық жауапкершіліктерін көтеріп, әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың элементтерін және әдепке жат қылықтарды жойып, алдын алу шараларын күшейту болып табылады.
Жиын барысында департамент бастығының орынбасары подподковник А.А.Жакипов жеке құрамға Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы тарауы қызмет атқаратының, сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жағдайда кез-келген адам Қорғаныс министрлігінің сенім телефонына хабарласа алатынын жеткізді.
Департамент бастығы полковник Е.С.Байболов жиын соныңда
«тәрбие отбасынан басталады, алдымен баланы емес, өзіңді тәрбиелеу керек, себебі бала ата-анасынан көргенін жасап, ізімен жүреді» деп, әр отбасы, әрбір әскери қызметші өзінің отбасында, ұжымында осы мәселеге аса мән беруін атап, сыбайлас жемқорлықпен ұдайы түрде күресуге шақырды.
Қызылорда облысының қорғаныс
істері жөніндегі департаментінің
баспасөз қызметкері А.Бүркітбай