» » «Канелоның» промоутері үшінші жекпе-жек үшін Головкинге шарт қойды

«Канелоның» промоутері үшінші жекпе-жек үшін Головкинге шарт қойды

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің өкілі, Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыруға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Sports.kz.

«Геннадий Головкин қыркүйекте Сауль Альвареспен рингке қайта шығатынына күмәнім бар. Мен «Канеломен» жүз пайыз келісемін - Головкин бұрынғы деңгейіне қайта көтерілуі тиіс. Сауль енді чемпион, оған таңдауға болатын жолдар өте көп - ол 168 немесе 175 фунт салмақ дәрежесіне дейін көтеріліп, тарихта есімін қалдыра алады. Егер Головкин онымен жекпе-жек өткізгісі келсе, ол әлем чемпионы белбеуін иемденуі тиіс», - деп келтіреді ESPN Де Ла Хойяның сөзін.
Еске салайық, Головкин мен «Канело» арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталған болатын. Ал реваншта төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңіс мексикалық боксшыға берілді.
29 сәуір 2019 ж. 1 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031