» » Месси «Барселонаның» Чемпиондар лигасындағы қарсыластарын атады

Месси «Барселонаның» Чемпиондар лигасындағы қарсыластарын атады

Аргентиналық футболшы Лионель Месси «Барселонаның» Чемпиондар лигасындағы басты қарсыластарын атады.Футболшы қандай командалармен жолы түйіссе де, оңай болмасын командаластарының ойына салғандай.
«Дәл қазіргі уақытта «Манчестер Сити» әлемдегі ең мықты клубтардың бірі. ПСЖ клубын да осал деп айтуға келмейді. «Реал» Чемпиондар лигасынан биыл да үмітті клубтардың бірі. Олардың тәжірибесі мен шеберлігі мол. Ал «Баварияны» нағыз табанды команда деуге болады. Олар соңғы сәтке дейін беріспей ойнай алады», - деді Месси «Marca» басылымына берген сұхбатында.
Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Барселона» «Челсимен» кездеседі. Командалар арасындағы алғашқы ойын 21 ақпан күні Лондонда өтеді.
Айта кетейік, түнде Испания чемпионатының ХХІ турында «Барселона» өз алаңында «Алавесті» 2:1 есебімен ұтты. Ойындағы айып соққысы кезінде жеңіс голын Месси соқты.
30 қаңтар 2018 ж. 1 084 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031