ALTYN KOMBE


Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ,
жазушы,

«Сондай бір күн болған», «Сондай бір түн болған» дейтін екі кітаптан тұра-тын дилогия – жанрлық-стильдік бітімі жағынан да, кон¬цеп¬циялық өзекті ойы жағынан да ұлттық про¬замыздағы бүгінгі таңдағы оқшау құбылыс. Ол – біздің жаңа әдебиетіміздің жаңа арнасын салып беретін алғашқы мұз жарғыштай. Біздің прозамыз бен драматургиямызда жаңа бір ағым басталатындай. Оған «зая ғұмыр әдебиеті» деп ат қойсақ жара¬сатындай. Біздің де кешкеніміз зая тағдыр. Әлеу¬меттік озбырлықтың айдағанынан шыға алмай, асыл мұраттардың өзін асыра сілтейтін алаңғасарлыққа айнал¬дырып алдық. Соның салдарынан да еткеніміз еш зая ұрпаққа айналып отырмыз. Сонымен зая ұрпақ тақырыбы өрме¬гін құрды. Арылу әдебиеті желі тартты. Кесек эпиканың орнына аз адамдардың, тіпті бір ғана кісінің жан дүниесіндегі алай-дүлей ахуалды ежіктейтін жаңа роман келді».

Андре СТИЛЬ,
француз жазушысы

«Осы бір ұлы романдағы сан қырлы, алуан бояулы дала мен оны мекен ететін халық өзінің бейтаныс әрі таңсықтығымен ежелгі бір далалық ауызекі тілде айтылған эпопея секілді бізді еліктіріп алып кетеді».

Луи АРАГОН,
француз жазушысы

«...Нұрпейісов пен Әуезовті салыс¬тырғанда тым қарапайым болудың қажеті жоқ, өйткені «Ымырт» қазақ романының прогресіндегі жаңа баспалдақ. «Абай жолы» романын белгілі бір деңгейде Гетенің «Вильгельм Мейстерімен» қатар қоюға болады. Бұл екі роман да адам мінез-құлқының қалыптасуын көрсетудің әлі ешкім асып өте алмаған жарқын үлгілері.
«Ымырт» романы суы ащы шөлдегі шыңырау құдық секілді. Нұрпейісовтің «Ымырт» романы секілді терең әрі тартымды кітап кейін де жазылған жоқ. «Ымыртты» қазіргі америкалық, француздық, не болмаса басқа да заманауи әдебиеттегі үлкен шы¬ғар¬¬малармен қатар қоюға әбден болады».

03 қараша 2019 ж. 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031