» » Жазушы бақыты

Жазушы бақыты


– Әбдіжәміл Нұрпейісов ауызекі сөзге сараң, кірпияз, кез келген жерде сөйлей бермейтін әрі әркімге ашыла қоймайтын кісі. Ағынан жарылып, шешіліп сөйлеуі қиындау. Абыздың осы бір бекзат болмысын оның романдарындағы әр кейіпкерден аңдауға болатындай.
Ол шығармашылық жолын бірден роман жазудан бастаған адам. Ғасыр басындағы зобалаңға арнаған «Қан мен тер» романы оқырман жүрегіне жол тауып, ә деген-ақ қалың жұртшылықтың сүйікті кітабына айналады. Уақыт өзгергенмен шығарманың басты тақырыбы – халықтың әлеуметтік жағдайы өзгерген жоқ. Осындайда жазушы шеберлігіне таң қалмасқа әддің жоқ. Жазушы сомдаған әрбір кейіпкерді бірден ұмытып кету қиын.
Қалам ұстағанның бәріне бірдей бұйыра бермейтін бақ – зор шығармашылық қуат Әбдіжәміл Нұрпейісовке берілген екен. Жазушы бақыты деген бәлкім осы шығар.


Мейрамкүл ӨТЕГЕНОВА,
№177 орта мектептің мұғалімі
Арал ауданы

03 қараша 2019 ж. 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031