» » Құмыра жасауды үйренейік

Құмыра жасауды үйренейік

"Biz birgemiz"

"Biz birgemiz" жалпы ұлттық жобасының "Birgemiz: Sabaqtastyq" бөлігі аясында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері волонтер тәлімгер Мейрамкүл Балтабайқызынан пластик ыдыстардан және босаған сүт қораптарынан құмыра жасауды үйренді.
Бұл шеберлік сабағының балалар үшін мәні зор. Орталық жасөспірімдері шеберлік сабағында босаған қораптарды да пайдаға жаратуға болатынын түсінді. Сондай-ақ жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға және танымдық қызығушылығын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік болған бұл сабаққа балалар үлкен қызығушылықпен қатысты.
«Жетім көрсең, жебей жүр» деген емес пе, қамкөңіл балалардың басынан сипап, алдағы өміріне сеп болар пайдалы істі үйретуден артық сауапты нәрсе бар ма?! Алдағы уақытта да орталық жасөспірімдері үшін тәлімгер Мейрамкүл Балтабайқызының шеберлік сабағы жалғасады деген үміттеміз.
Қалдан Темірбекқызы,
әлеуметтік педагог
13 қазан 2020 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031