Мал ұрысы

Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың қазан айының 26-28 күндері аралығында облыс көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның бірінші күнінде облыс бойынша 3 мал ұрлығы деректері ашылды. Ұсталған 4 сезіктінің екеуінің бас шарасы қамауға алынды. Қазіргі таңда олардың басқа да мал ұрлығы қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде.
Полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжаттарсыз ауыл шарушылық жануарларын тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың бар-жоқтығын анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Іс-шара барысында, малды құжатсыз тасымалдағаны үшін 2 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Облыс көлемінде орналасқан сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал союға арналған орындар тексерілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
29 қазан 2020 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031