» » ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

  Бүгінде еліміздің бірнеше облысы қауіпті – «қызыл» және қауіптілікке жақын ескерту – «сары» аймаққа еніп отыр. Бұл соңғы кезде еліміздегі эпидахуалдың біршама күрделене бастағанын білдіреді. Осы мақсатта өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов облыстағы эпидемиологиялық ахуал және болжамды екінші толқынға дайындық жұмысы туралы баяндады.
– Өңірімізде пневмонияның өсу көрсеткіші байқалады. Қала тұрғындарының кейбірі үйде емделіп, ауруын асқындырып, жансақтау бөліміне түсуде. Бұл қатты алаңдатады. Күннің суытуына байланысты тұмау белгілері де артуда. Сондықтан әр азаматтың аурудың белгілері білінгенде үйде ем қабылдамай, бірден емханаға, дәрігерге хабарласуын сұраймыз. Мемлекет басшысының індеттің жаппай таралуының алдын алуға қатысты тапсырмаларына байланысты облыс әкімінің бақылауымен арнайы іс-шаралар қабылданып, жұмыс жүргізілуде, – деді облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов.
Жыл басында тапшылығы байқалған өкпені желдету аппараттары бүгінде 244-ке жеткен. Тыныс алу жолдары ауруларының көбеюі кезінде оттегіні жылдам жеткізудің өте маңызды екені белгілі. Алдағы уақытта «ПетроҚазақстан» компаниясының демеушілігімен Қазалы ауданында оттегі станциясы салынады. Осы станциядан Арал және Қармақшы аудандарын, Байқоңыр қаласын оттегімен қамтамасыз ете алады. Екінші оттегі станциясы «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен көпбейінді облыстық ауруханасы базасынан бой көтереді. Бұл қала аумағындағы ауруханаларды және Сырдария, Жалағаш аудандарын қамтамасыз етеді.
Қысылтаяң уақыт тақап, әр минут маңызды болатын уақытта жедел жәрдем қызметінің жылдам жетуіне автокөліктерінің техникалық жағдайы әсер ететіні сөзсіз. Облыста 79 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейтін болса, оның жартысынан астамының тозығы жеткен. Облыс әкімінің қолдауымен өткен аптада лизинг арқылы 40 санитарлық автокөлік облысқа жеткізіліп, облыс көлеміне таратылды. Сонымен қатар «Аралтұз» АҚ демеушілігімен екі арнайы автокөлік сыйға тартылды. Алдағы уақытта да ықтимал болжам бойынша мобильдік бригадалар толығымен қайта жұмылдырып, тұрғындарға медициналық көмек, оның ішінде дәрілік заттарды жеткізу, медициналық манипуляция, үй жағдайындағы стационар жағдайына толық қызмет атқарады.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
19 қараша 2020 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031