» » » УАҚЫТТЫ САТУ немесе АНТИКАФЕ ­

УАҚЫТТЫ САТУ немесе АНТИКАФЕ ­

Алматыға жол түсіп, сол жақтағы дос­тарымызбен жүздесуге келістік. Бірінші­ден, қай күні кездесетінімізді ойластырып, ұзақ талқыладық. Себебі көбі жұмыс істейтіндіктен, барлығымызға оңтайлы уақыт табу қиынға соқты. Уақытты белгіле­геннен кейінгі басты мәселе, қайда баратынымызды білмедік. Бірі у-шуы көп түнгі клубқа баруды қаласа, енді бірі мейрамхананы таңдады. Ортақ шешімге келмеген соң, бір досымыз ерекше жер ұсынды. Сол кезде «антикафе» ұғымын алғаш рет естідік.  
Көпқабатты үйдің астын­дағы орынның сыртында «Time (уақыт) кафе» деген жазу бар. Табалдырықты ат­тағаннан кейін аңқыған ко­фе иісі сезілді.  Кіре бе­ріс­тегі сөреде аяқ-киімдер қаз-қатар тізіліп тұр. Алдымыздан шыққан жас қыз сыпайы сәлемдесіп, қо­лымызға үй тәпішкесін ұсын­ды. Өзімізді құдды бі­реудің үйіне қонаққа келгендей сезіндік. Жас қыз келген уақытымызға қарай аты-жөнімізді тіркеп алды. Сөйтсек, бұл орынның та­йм кафе аталу себебі, келген адам уақытқа ғана тө­лей­ді. Бір минуты – 15 тең­ге. Қалғаны тегін. Бірден 2500 теңге төлесеңіз, антикафе жабылғанға дейін оты­ру­ға мүмкіндік бар. Мұндай қаржылық жүйе бізді таңғал­дырды.
Үлкен залда әдемі кі­лем төселген және әр жерде түрлі кресло мен үстел бар. Дизайны да үй секілді өте жайлы. Келген қонақтар емін-еркін жүр. Кейбірі логиканы дамытатын ойындар ойнаса, бірі кішігірім кинотеатрдың алдында фильм көруде. Біреулер үс­тел футболы мен теннис­тен сайысып жатса, енді бірі ноутбугіне тел­міріп, жұмыс істеп отыр. Сон­дай-ақ, қабырғада шығар­ма­шылық кештің, тіл курсы мен тренингтердің кестесі көз­ге түсті. Сол кезде бұл жер­дің тек қызықты уақыт өт­кі­зетін орын емес, сонымен қоса жан-жақты дамуға жәр­демдесетінін түсіндік. Со­нымен қатар залдың бір бұрышында ас бөлме бар екен. Онда әртүрлі шай мен кофе тізіліп тұр. Тіп­ті тәттілер де бар. Әр­кім өзіне керегін алады.­ Біз де қолымызға шай алып, бұйыр­ған орынға жай­ғас­тық. Түрлі ойындар ойнап, төрт сағаттың қалай тез өт­ке­нін байқамаппыз.
Антикафе үлгісіндегі орын­ды Иван Митин­ есім­ді жазушы 2010 жы­лы Мәс­кеу­де ашқан. Алғашын­да кел­ген қонақтар қалаған қар­жысын төлеген. Кейін бұл үлгідегі орындар әлемге танылып, минутына төлейтін жүйе ойластырылған.
Жастардың у-шуға, ішім­­дік пен темекі толған жерге қарағанда осындай жер­ге баруы қуантады. Мә­се­лен, Алматыда «Некафе», «Ваниль», «Как дома», «Тайм кафе по правде», «Myroom» сынды орындар жастардың арасында ерекше танымал. Біздің қалада да осы үлгіде бір орын ашылған еді.Дегенмен көп ұзамай жабылып қалды.
Ғаламторда антика­фе үлгісінде кәсіп ашуға көмек­те­сетін бизнес жос­парлар жеткілікті. Олардың көбінде бұл кәсіп көп қаражатты талап етпейтіні және салынған қаржыны аз уақытта ақтай­тыны жазылған. Тек түрлі бағ­дарламамен, ерекше­ ди­зайнмен халықты қызық­ты­ра білу керек. Сондай-ақ, ең басты мақсат – келген қонаққа үйдегідей жы­лы­лыққа толы жағдай қалып­тас­тыру.  Ал бізде облысымызда осы мақсатты жүзеге асыратын жан табылса деген тілек қана.
 Әсел БЕГМАН
12 қаңтар 2018 ж. 1 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031