» » ЕҢ ЖАС ЖАЗУШЫҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

ЕҢ ЖАС ЖАЗУШЫҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

 Қызылордалық бүлдіршін, облыс орталығындағы №267 орта мектептің 6 сынып оқушысы Алтынай Берік «Ертегілер» атты кітап шығарып, еліміздегі ең жас жазушының бірі атанды.
    Оқырманның есінде болса, Алтынайдың алғашқы кітабының шығуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қолдау білдірген. Сондай-ақ, жас қаламгер алғашқы туындысының бір данасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдады. Жаңа туынды жуырда 1000 дана таралыммен оқырман қолына тиді. Ол 60 беттен тұрады. Кітапқа 32 ертегі мен өлеңдер жинақталған. Сонымен бірге, кітапта жас өреннің өз қолымен салған суреттері де бар.
    Айта кетейік, Алтынай 7 жасынан бері қолына қалам ұстап, түрлі әдеби шығармалар жазып келеді. Бүгінде оның 40-қа жуық ертегісі бар. Шығармаларының көпшілігі жан-жануарларға арналған. Мәселен, «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» сынды туындылары республикалық байқауда орын алып жүр. Оның ертегілері «Балапан» телеарнасының 5 жылдығына орай өткізілген «Менің ғажайып ертегілерім» атты жинаққа енгізілген. Бүгінге дейін Алтынай түрлі байқауларға қатысып, олардан жоғары жетістікпен оралып келеді.
    Ол тұңғыш рет «Жас өркен» серіктестігі ұйымдастырған бәйгеде жеңімпаздар тұғырынан көрінген еді.
06 наурыз 2018 ж. 1 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031