Оразалин: Шахановты «Шакалов» деп атады
Құрылтайда сөз алған ақын Мұхтар Шаханов Нұрлан Оразалинді “Қоразалин” деп атады.

Ақын әдеттегідей өлең оқыды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Оразалинді Қабдеш Жұмаділов те сынаған еді.
Нұрлан Оразалин өзін сынағандарға жауап берді.
“Жиналысқа келмей сырттан тон пішу, өзін жазушылар одағынан жоғары қоятын ұлылықтың ауруымен ауырған адамдардың ғана қолынан келетін нәрсе. Ұйқасты мен де сізге айтайын, Маған екі, үш жыл бұрын хат келді. “Шаханов, Шакалов” деген. Сіздер елді сыйлаңыздар, ағайын. Менің әкемде, менің атамда ешқайсыңыздың шаруаларыңыз болмасын. Осы менің екі ағама берген жауабым, – деді Нұрлан Оразалин.