» » СЫРДАН СОЛТҮСТІККЕ

СЫРДАН СОЛТҮСТІККЕ

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы әкімінің орынбасары А.Рамазанова, Мамлют ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Могунова, Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы К.Бекбаева, Жамбыл ауданы, Озерное ауылдық округінің әкімі М.Дәрменов, сондай-ақ, ауыл әкімдері, мекеме, бөлім басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.
Шара барысында Солтүстік Қазақстан облысынан әртүрлі сала бойынша 92 жұмыс берушіден 1162 бос жұмыс орны және Павлодар облысынан 240 жұмыс берушіден 628 бос жұмыс орны ұсынылды. Сонымен бірге, солтүстік өңірлерден келген делегация тұрғындарға қажетті мағлұматтар беріп, көрсетілетін жеңілдіктерден хабардар етті.
Айта кетейік, бұл бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан көшуге және тұрғын үйді жалға алуға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын өтеуге қаржылай көмек беріледі. Мемлекет тарапынан жасалған мұндай мол мүмкіндікті құр жібергісі келмейтін ауылдағы ағайындар қолайлы жұмыс табылса, қоныс аударуға ниетті екенін де жасырмады. Нәтижесінде, қоныс аударуға 15 адам өтініш білдірді.
15 наурыз 2018 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031