» » Қой жылы туылғандар көп қаржыға кенеледі

Қой жылы туылғандар көп қаржыға кенеледі

 Қой
Тұйық әрі керітартпа мінезіңізді Ит жылы ұната бермейді. Сіз өмір қандай болса, солай қабылдап үйренгенсіз. Өзгелерге қолдау көрсетуге асықпайсыз, тіпті ыңтаңыз да жоқ. Дегенмен сіздің шынайлығыңыз, жайдары мінезіңіз бен таланттылығыңыз барлығын өзгертеді. Егер осы жыл сізге табысты болғанын қаласаңыз, өзгеріңіз. Материалдық байлығыңыз асып-тасып жатпаса да, жоқ-жітіктерге көмектесіңіз, қиналған жанға демеу болыңыз. Ит жылы сіздің өзгергеніңізді қалайды.
Денсаулық
Көктемде салқын тиіп тұмауратуыңыз бек мүмкін. Жылы киініп жүріңіз. Уақытылы тамақтанып, денсаулығыңызды күтіңіз. Себебі тұмау жұқтырсаңыз, көпке дейін аурудан көз ашпай қалуыңыз ықтимал. Жұлдыздар 2018 жылы денсаулықты бірінші орынға қоюға кеңес береді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз сізге қарата айтылғандай.
Қаржы
Биыл көп қаржыға кенелесіз. Бірақ оны пайдалана білген жөн. Алаңдамаңыз, қаржылық жағынан қиындық болмайды. Кәсіпкерлік саласында біліктілік танытсаңыз, табыс табуға үлкен жол ашады. Және тәжірибе жинақтайсыз. Қайырымдылықпен айналысқан тиімді болмақ. Себебі Ит жылы маңызды жобаны қолға аласыз. Жұлдыздар 2018 жыл бітпей тұрып, жаңа істі қолға алып, бастап кетуге кеңес береді. Кәсіпкерлікпен айналыспайтындар жұмысына жауапкершілікпен қараған жөн. Өйткені айлық табыс өсіп немесе жаңа қызметке ауысуыңыз ықтимал. Сізге жаңа жобамен жұмыс істеу сәттілік әкеледі. Бұл жыл ерекше естеліктерімен есіңізде қалады.
Мансап
Сіздің айналаңызда жұмысына жауапты, білімді, іскер жандар бар. Кейбірі сіздің қызметіңізге көз тігуде. Дос пен дұшпанды ажырата біліңіз. Тынбай жұмыс істеп, еңбектенген адамдарға Ит жылы табысты болмақ. Сізге қабілетіңізді көрсететін кез келді. Сабырлы болыңыз. Бастаған істі жалғастырсаңыз, ақшаның астында қаласыз.
Махаббат
Өзіңізге көп көңіл бөлген жөн. Ғашығыңызды құрметтеңіз. Сізге сезімін білдіргісі келген жандар жетерлік. Сізді бақытты еткісі келетін адамды таңдаңыз. Жақыңдарыңыздың көмегіне мұқтаж болмайсыз. Дегенмен оларға да қолдау білдіріңіз. Қой жылы туғандар жеке өмірде аса белсенділік танытады. Ол өзіне көп назар аударғанды жақсы көреді. Алайда жұлдыздар жарды таңдау кезінде тыныш отбасылық өмірді, жайлылықты қамтамасыз ететін адамдарға мән беру керек деп кеңес береді.

22 наурыз 2018 ж. 8 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930