ОТТАЙ ЫСТЫҚ ЖИЫРМА ЖЫЛ
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қабырғасынан талай мемлекет қайраткерлері, Парламент депутаттары, Еңбек Ері, көрнекті ғалымдар мен спорт саңлақтары, өзінің адал еңбегімен отанын гүлдендіріп жүрген мыңдаған қарапайым азаматтар түлеп ұшты.
Елбасы биылғы Жолдауында «Педагог мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет», – деп айрықша атады. Себебі, бізді қоршаған дүние өзгеруде, жаңа жағдайларға бейімделу қажеттілігі туындады. Нақты айтқанда, XXI ғасырға лайық ел азаматын тәрбиелеу педагог маманның қолында екені айтпаса да түсінікті. «Өмір бойы оқу» қағидаты да осы қажеттіліктен пайда болған.
Биыл 80 жылдық мерейтой және екі оқу орнынан түзілген Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 20 жылдығы қарсаңында тұрған білім ордасының алдына қойған биік мақсаты – құндылықтар жүйесіндегі білімді бәрінен жоғары қоятын, барлық сапа бойынша жаңа XXI ғасыр талаптарына сай, қоғам тізгінін ұстауға лайық, жаңа көзқарастағы жас мамандарды тәрбиелеу.
Күлбарам СӘДУАҚАСҚЫЗЫ