Элизабет ізбасарлары табысты оралды
Бішкек қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық турнирде жерлестеріміз табысты өнер көрсетті.
Айтулы жарыста Қызылорда облысынан құрама командасы бес жүлделі орындарды еншіледі. Қыздар арасында өнер көрсеткен жас мәнерлеп сырғанаушы Мелисса Пак алтын медальді жеңіп алды.
Ұлдар арасында Нариман Молдабек, қыздар арасында Бибінұр Дербісәлиева турнир жеңімпаздары атанса, Диана Джармухамедова күміс, Темірлан Якияев қола жүлделерге қол жеткізді.
Сондай-ақ, Манас Бекташов, Алина Жанділдаева, Амина Сұлтан, Ариана Дигай және Жансая Есен жарысқа белсенді қатысып, шеберліктерін шыңдады. №4 облыстық олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа мәнерлеп сырғанаудан облыстың аға жаттықтырушысы Лариса Давыдова дайындады.