Жәндіктер шағып алса…
Өрмекші шаққан кезде…
Елімізде улы өрмекшілердің 3 түрі мекендейді. Олар: қара құрт, шаян және бұзаубас. Қара құрт еліміздің оңтүстік аудандарында көп кездеседі. Адам өмірі үшін қара құрттың ұрғашылары қауіпті. Өйткені олардың жоғары жақтарында екі улы без бар. Сол арқылы адамға зақым келтіреді.Шаян да адам өмірі үшін қауіпті. Оның ұзындығы 50-100 мм. Ұзындықтарында ғана айырмашылық болады.

Белгілері
Егер адамды қарақұрт шақса, кішкене дақ пайда болады. Бірнеше минуттан соң қатты ауырып, басқа дене мүшелеріне таралады. Уланған адамның басы ауырып, тұншығады және лоқсиды. Әлсіздік болып, тіпті тынысы тоқтап қалуы да мүмкін.Ал шаян шаққан кезде у нерв талшықтарымен таралатындықтан, аса қатты белгілер болмайды. Тек бұлшық еттері тартылу белгілері байқалуы мүмкін.
Алғашқы көмек көрсету
- Шаққан жеріне суық басады және қимылдатпай ұстайды;
- Анальгин, новокаин, аспирин секілді ауруды сездірмейтін дәрілерді ішу керек.
- Тынысы тежелсе, оттегі берген жөн.
Жылан шаққан кезде…
Жыландар әлемнің барлық аймақтарында бар. Оның улы 14 түрі елімізде кездеседі. Адамды жылан шаққанда, у тері астына, қан тамырларына енеді.
Жедел көмек беру тәсілі
- Жылан шаққан жерді жуып, қозғалтпай жгутпен байлап тастау керек;
- алкоголь қабылдауға және қан қысымын көтеретін дәрілер салуға тыйым салынады;
- алғашқы минутта бірден жарадағы у-ды сорып тастау керек;
- витаминдер мен у-ға қарсы антибиотиктер егіледі.
Тыйым салынады:
- шаққан жерді күйдіруге;
- тістелген жерді кесуге;
- алкоголь ішуге.
