» » Қазақстанда 15 мың шақырымды құрайтын көлік жолы ақылы болуы мүмкін

Қазақстанда 15 мың шақырымды құрайтын көлік жолы ақылы болуы мүмкін

  Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек елімізде алдағы үш жыл ішінде 15 мың шақырымдық көлік жолына ақылы жүйе енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

Бұл Sputnik Қазақстан-ға сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Қазіргі кезде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі бойынша біз мемлекеттік маңызы бар көлік жолдарын ақылы жасау туралы мәселемен жұмыс жасап жатырмыз. Үш жылдың ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізу керектігін жеке серіктестік ұсынды. Олар осы жүйені 10 жылдан кейін де одан әрі пайдалануға болатынын айтты», – деді Қасымбек Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, министр 2 сәуірде жобаны бастау туралы хабарлама ғаламтор ресурстары мен баспасөзде жарияланғанын айтты. Ол хабарлама шыққаннан кейін 60 күн ішінде әлеуетті жеткізушілер қызығушылық білдіріп, тиімді ұсыныстарын жеткізе, серіктесті таңдау конкурс арқылы жүзеге асырылатынын ескертті.
Министрліктің мәліметінше, жобаның құны 97 миллиард теңгеден асады, құрылыс кезеңі 2019-2022 жылдарға жоспарланып отыр.
10 сәуір 2018 ж. 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031