» » ҚОҚЫС ҚАЙДА ТАСЫМАЛДАНАДЫ?

ҚОҚЫС ҚАЙДА ТАСЫМАЛДАНАДЫ?

    Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жоюдың бір жолы – оларды орналастыру орындарын, яғни полигондарды  ұйымдастыру. Полигондар – бұл пайдалануға жарамайтын қалдықты зиянсыздандыру мен көмуге бағытталған арнайы табиғат қорғау құрылысы. Полигон құрудың мақсаты–  қалдықтарды көмуге бөлінген жерлерді экономикалық тұрғыдан тиімді түрде пайдалану арқылы топырақты, атмосфераны, жер асты мен бетіндегі суды улы компоненттермен ластанудан қорғау. Полигондар оңашалау, үйлер салынбаған, жақсы желденетін, жаңбыр жауғанда, қар ерігенде, су тасқыны болғанда судың астында қалмайтын жерге орналастырылады. Полигонды жиі жел тұратын бағытты анықтап, ел тұратын жердің ық жағында, су алатын жерден уылдырық шашатын және балық мекендейтін жерден төмен, су жинауға арналған ашық қоймалардан тыс аймаққа орналастыру қажет. Полигон аймағында жер асты суы 20 м-ден артық тереңдікте жатуға тиіс.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттың, сауда нысанының, қоғамдық тамақтанатын орынның, көшедегі, құрылыс қалдығы және кейбір өндірістік қатты қалдықтар, сондай-ақ қауіптілік сыныбы тәжірибе негізінде анықталатын қауіпсіз қалдықтар қабылданады. Мұндай қалдықтардың тізімін жергілікті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары белгілейді. Көмілетін өндірістік қалдықтың ылғалдылығы 85 %-дан аспау керек. Қалдықтардың жарылғыш, өздігінен жанғыш болмауы шарт. Сұйық және қоймалжың қалдықтар қатты тұрмыстық қалдықтар  полигонына қабылданбайды. Қауіптілігі IV сыныптағы өндірістік қалдықтар полигонға есептеусіз қабылдана береді. Өйткені, олар оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылады. Бұл қалдықтар оттегін биологиялық және химиялық тұтынуы – 1 л-ге 300-ден жоғары емес көрсеткіштермен және құрамындағы  ұсақтығының өлшемі 250 мм-ден кем емес біртектілікпен сипатталуы тиіс.
    Қауіптілігі  IV және III сыныптағы өндірістік қалдықтарды территориялық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен келісім негізінде ғана қабылдауға болады.
Полигондарда өндірістік қалдықтарды уақытша сақтауға және орналастыруға, екінші рет пайдалану үшін жинап алуға рұқсат етілмейді. Полигон салынатын жер бөлігі бас жобада немесе жоспарланған жобада болуы керек. Полигонды тегіс жерлерге орналастыру тиімді. Полигон учаскесінің ауданы 0,02-0,05 га-дан жылына 1000 тонна қалдық орналасатындай және 20 жыл пайдалануға жарайтындай есеппен салынады.
Полигон шекарасынан елді-мекен шекарасы 500 метрден кем болмауға міндетті. Аймақтағы контейнерлердің жуылу тәртібін, атмосфералық ауаның күйін, ашық судың құрамын, жер асты суының жағдайын тексеруден өткізіп отырады. Топырақтың құрамындағы аммиак, натрит, нитрат, гидрокарбонат, кальций, хлорид, темір, сульфат, литий, органикалық көміртегі, қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік, магний, кадмий, хром, цианид, қорғасын, сынап, мыс, барий, құрғақ қалдықтардың мөлшері бақыланады.
Жарқынай ТҰРЫМБЕТОВА
23 мамыр 2018 ж. 1 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930