Моңғолиялық қазақ Азия чемпионы атанды

Аталмыш салмақта Серік Бердімұрат ақтық сайыста Тәжікстан балуаны Дадохан Курбоналиевтан басым түсті.
Сонымен қатар, дәл осы салмақта қола медальды - Қазақстан балуаны Айбат Сейтен мен өзбекстандық Арнұр Сәрсенбаев бөлісті.
Еске сала кетсек, Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағалануда. Әр салмақ дәрежесі бойынша жарыс жеңімпаздарына 1 000 доллардан табысталады, ал күміс жүлдегерге 500, «қолаға» 300 доллардан беріледі. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3 000 доллар, «күміске» 1 500 доллар, қола жүлде иесіне 1 000 доллар табысталады.