» » Агенттік тікелей байланысқа шақырады

Агенттік тікелей байланысқа шақырады

    Өткен аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың тапсырмасына сәйкес жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Бұған дейін Арман Тілектесұлы облыстың Арал, Қазалы және Қармақшы ауданында болып, бірнеше ауылдық елді мекенді аралаған. Сапар барысы қаладағы Студенттер сарайында жалғасты. Жиынға әдеп жөніндегі уәкілдер, департамент жанындағы арнайы мониторингтік топ және ведомствоаралық  өкілдер, мемлекеттік органның кадр мәселесі бойынша қызметкерлері мен БАҚ  қатысты.
Кездесуде А.Бердалин мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, факторлы-балдық шкала негізінде еңбекақы төлеу жүйесі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыс туралы хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, әрбір азаматтың «фейсбук» әлеуметтік желісі және «телеграмм» мессенджері арқылы тікелей агенттік төрағасы Алик Шпекбаевқа сұрақ қойып, өтініш қалдыра алатынын айтты. Арман Тілектесұлы қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерін агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында жол құрылысы, әлеуметтік объектілердің құрылысы, көгалдандыру және өзге салаларда қоғамдық бақылау орнатуға атсалысуға, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Ержан ҚОЖАС
20 қыркүйек 2018 ж. 837 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930