» » САНЧЕСТІҢ ШӘКІРТТЕРІ ӘЛСІЗ БЕ?

САНЧЕСТІҢ ШӘКІРТТЕРІ ӘЛСІЗ БЕ?

    Абель Санчес үздік шәкірттері жеңіліп қалғанына қарамастан жаттығу мәнерін өзгертпейтінін айтты
Геннадий Головкин мен Мурат Гассиевтің бапкері Абель Санчес таяуда шәкірттерінің маңызды титулды жекпе-жектерде жеңіліп қалуына қатысты түсініктеме берді.
Гассиев Александр Усикке есе жіберіп, бірінші ауыр салмақтағы IBF және WBA Super тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулынан айырылды, ал Головкин Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе жекте алғаш рет жеңіліске ұшырады, қазақстандық орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO белбеулерін бәске тікті, деп хабарлады Sports.kz.  
"Осы жеңілістерден кейін қысымды сезініп, жаттығу стилін өзгертуге тырысамын ба? Жоқ. Бәрібір менің залымда жаттығатын боксшылардың жеңісі орта есеппен 92%-ті көрсетіп отыр.  Головкин белбеуін 20 мәрте қорғады және барлық уақыттағы нокауттардың ең жоғарғы процентін иеленді. Гассиев үздіктер үздіктермен жұдырықтасатын турнирге қатысты. Біздің жүйенің арқасында осындай жетістіктерге жеттік. Сондай-ақ, менің залымда тағы басқа екі әлем чемпионы бар", — деді Санчес. 
21 қыркүйек 2018 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031