» » Жалға берілген жерді сатуға ешкімнің құқы жоқ

Жалға берілген жерді сатуға ешкімнің құқы жоқ


"Жер сатылады" деген жарнама бүгінде жиіледі. "Жердің құжаттарын рәсімдеп беремін" дегендер де кездеседі. Десе де ол жарнаманың қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Себебі бұл мәселеде алаяқтық жиі кездеседі. Арзанға жер аламын деп, жиған тергеннен  қапыда айырылып қалу бір-ақ сәт. Себебі, халықтың заңға келгенде абдырап қалатыны бар. Мұндай жағдай заңды білмеуден туындайды. Мәселен, Титов мөлтек ауданында  екі-үш әйел бірігіп,  алаяқтық жолмен жер сатқан. Оларға жерді пайдалана беру керегін айтыпты. Ақырында бұл іс сотқа берілді. Бұның басты себебі, халықтың жалға берген жермен меншікті жерді ажырата алмауында.
Журналистерге баспасөз мәслихатын өткізген Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов 9 айда атқарылған жұмысқа тоқталды.
– Елбасы Жолдауында жер қатынастары мәселесі ерекше айтылды. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың ықпалымен 2018 жылдың сәуір айынан бастап жер қатынастар саласы бойынша көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіруді бастадық. Оған бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Қазір көрсетілетін қызметтердің барлығын электронды форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Тиімділігі, өтініш иесі онлайн режимде рәсімделген құжаттың қай басқармада, кімнің қолында екенін, неше күнде жүзеге асатынын бақылай алады. Кодексте жер алу актісіне 150-200 күн уақыт кетеді, ал осыны электронды форматқа көшірген жағдайда жерді рәсімдеу мерзімі үш есеге қысқарады, – деді Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов.
Бастапқыда жер жалға беріледі. Бұрын мерзімі екі жыл еді, халықтың сұранысы бойынша үш жылға ұзартылды. Үш жылда жер игерілмеген жағдайда мемлекет жерді алып, өзгеге беруге құқылы. 2016 жылы  "Бәйтерек" мөлтек ауданынан 3000-ға жуық жер берілді. 2019 жылы уақыты аяқталады. Әрі кетсе 200-300 адам жер игеруді бастаған. 270-ке жуық адам жерді әлі игермеген. Тіпті арендаға берген жерді сатып жатыр. Аренда – мемлекеттік жер деген сөз. Жерді игергеннен кейін, жекеге береді. Арендаға берілген жерді сату фактісі тіркелген. Мұнымен қоса "Бәйтерек" мөлтек ауданында жер сатылады деген жарнамаға қатысты құзырлы органдар тарапынан тиісті шара қолданылуда.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
25 қазан 2018 ж. 838 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031